1 АЛТЫН, 9 ҚОЛА МЕДАЛЬ

0

Әлжан ана» клубы ашылғалы көп болмаса да каратэшілері бүгінде жақсы нәтижелерімен қуантуда. 28-30 қыркүйек аралығында Елордада каратэдан I-Республикалық WKF «NUR-SULTAN CUP» турнирі өткен болатын. Жарыста 12 облыстан 400-ден астам қатысушы бақ сынаған еді.

Нәтижесінде «Әлжан ана» клубының қатысу-шылары 1 алтын және 9 қола медальге ие болып, өз мықтылықтарын дәлелдеп берді.
55 кг салмақ дәрежесін-де Құндыз Теңгізбаева бірінші орын алды.
Үшінші орынға ие болғандардың қатарында: Е.Теңгізбаев, А.Қожағұло-ва, Ж.Бейшеналиева, А.Ершібұл, Б.Ташбу-латов, А.Сәлім, Е.Садыхан, Е.Мұратбек, Б.Байтен есімді жас спортшылар бар. Жеңімпаздарды жарыстың арнайы қонағы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асадилов марапаттап, жерлестерімізге сәттілік айтыпты.
«Балалар әрбір жарыста тәжірибе жинайды. Ол жылдар бойы шұғылданудың арқасында болады. Әр жарыста жеңімпаздар мен жеңілгендер болады. Жарыста жіберген қателерді келесі жолы қайталанбас үшін түзеудің барлық айла амалдарын қарасырамыз. Шәкірттеріме ризамын. Қазан айының соңында келесі жарыс күтіп тұр, оған жан-жақты дайындалып, кезекті жеңіске қол жеткіземіз деп ойлаймын», — дейді «Әлжан ана» клубының жаттықтырушысы Еркебек Абралиев.

Бекжол Әпілжанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.