«112» ЖӘНЕ «101» ҚЫЗМЕТІНІҢ НӨМІРІНЕ ТЕК КӨМЕК СҰРАУ БОЙЫНША ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

0

Азаматтар арасында шұғыл көмек шараларын талап ететін төтенше жағдайлар туындау қаупі және туындауы туралы хабарламаларды қабылдайтын «112» бірыңғай кезекшілік –диспетчерлік қызмет ең танымал болып табылады.

«112» және «101» қызметінің нөмірі — бұл ұялы байланыс операторының нөмірі емес, жедел құтқару қызметі, шұғыл шақыру қызметі екенін еске саламыз. Көптеген бейінді емес шақыртулар, қайта тиеу жүйесіне және шын мәнінде шұғыл көмекке мұқтаж адамдардың өміріне қауіп төндіруіне әкелуі мүмкін.
«112» және «101» нөміріне тек мына жағдайларда ғана қоңырау шалыңыз:
Егер сіз шұғыл көмекке мұқтаж болсаңыз қоршаған ортаға немесе адам мүлкіне, өміріне, денсаулығына нақты қауіп төнген болса: немесе бұған күдіктенуге себебі бар болса.
Бүл үшін көмек уақытында келсін десеңіз, белгілі бір тәртіппен қоңырау шалуға мынандай мәліметті хабарлауға:
Оқиғаның нақты мекенжайы, сондай — ақ, қауіп төніп тұрған кіреберістің, пәтердің нөмірін нақтылау. Оқиғаның сипатын көрсетіңіз. Қоңырау шалушының тегін және атын, телефон нөмірін.
Оператордың сұрақтарына мүмкіншілік болса нақты және түсінікті түрде жауап берген дұрыс.
Ата-аналар назарына: балалардың қолына ұялы телефонды қуаттану кезінде бермеуі және байқаусызда «112» немесе «101» нөміріне хабарласуы мүмкін; Сонымен қатар балалардың өздері үйде жалғыз қалған жағдайда және өз өміріне қауіп төнген кезде «112» қызметіне өз еркімен қалай қоңырау соғуын үйретіңіз.
«112» және «101» нөміріне ойнап қоңырау шалуға тиым салынатынын ескертеміз. Есте сақтаңыз, оператор жедел қызмет оператордың желісі босамауы адамға көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін. Оған шын мәнінде мұқтаждарға және де оқыс оқиғаларға әкеліп соқтыруы мүмкін, жедел қызмет телефон нөмірін қолдану тиісті емес немесе бұзақылық мақсатта шүғыл қызмет нөмірін қолдану қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту жолымен жазаланады.
Осылай, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-VҚРЗ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438- бабына сәйкес:
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Сонымен қатар, 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес:
Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүделеріне қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату – бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыпұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Тастыбаев Қуаныш Қайратұлы,
Қордай аудандық ТЖ бөлімінің
аға инженері. Мұхаммеджан Кәдірхан
Қордай ауданы №15 ӨСБ
қарауыл бастығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.