15 наурыз – Жаңа Конституцияға дауыс беру күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан кең көлемді ақпараттық-насихат жұмыстары ұйымдастырылды

0

15 наурыз – Жаңа Конституцияға дауыс беру күніне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан кең көлемді ақпараттық-насихат жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шаралардың негізгі мақсаты – тұрғындардың саяси белсенділігін арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және алдағы жалпыхалықтық дауыс берудің маңызын кеңінен түсіндіру.

Іс-шара аясында орталық мамандары мен еріктілер қоғамдық орындарда арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратып, тұрғындарға 15 наурыз күні өтетін Жаңа Конституцияға дауыс берудің мәні мен маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қала аумағындағы сауда орындары мен халық көп шоғырланатын нысандарда жадынамалар орналастырылып, ақпараттық парақшалар жабыстырылды.

Кинотеатрларда кино көрсетілімдерінің алдында экран арқылы «15 наурыз – Жаңа Конституцияға дауыс беріңіздер!» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, келушілерге арнайы үндеу жолданды. Бұдан бөлек, еріктілер көпшілік орындарда тақырыптық плакаттар ұстап, тұрғындарды дауыс беруге шақырды.

Ұйымдастырылған ақпараттық-насихат жұмыстары азаматтарды ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға бейжай қарамауға, өз таңдауын жасауға және Жаңа Конституцияны қолдауға белсенді қатысуға үндейді.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.