15 түлек «Алтын белгі» иегері

0

«Соңғы би, соңғы бал, ең қимас кездерім» деп, мектеп бітірушілер ән салатын уақыт та таяп қалды. Осы аптада Қордай ауданы бойынша мектеп аяқтаған түлектер аттестаттарын салтанатты түрде қолдарына алды.

Оқушы өміріндегі ең маңызды кезең мектеппен қоштасу десек, соның ішінде аттестат тапсыру шарасы үлкен өмірге жол ашатын ерекше толқынысқа ие қимас сәт.  Осы қуанышты күн аудан мектептерінде осы аптада орын алды. Жалпы аудан бойынша биыл  9 сыныпты 3046 оқушы аяқтаса, оның 83-і «Үздік аттестатқа» үмсіткер болған. Қуантарлығы, барлығы өз білімдерін дәлелдеп шыққан.

Ал, 11 сыныпты бітіріп, үлкен өмірге аттанғалы тұрған 1442 оқушының ішінде 42-і «Үздік аттестатқа» ие болса, 15 оқушы «Алтын» белгі иегері атанды.

Айта кетейік, Қордай ауданы бойынша биылғы оқу жылында 1439 оқушы мектеп бітіріп, олардың 800-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға бел буған.  Ендеше «Бір дәуірдің түлеп ұшқан жастарына» тек сәттілік серік болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.