Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында ағымдағы жылы 14,6 млрд. теңгені құрайтын 16 ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінге дейін 12 жоба (10,8 млрд. теңге) іске қосылып, 163 жұмыс орны ашылды.
➤ Атап айтқанда, «Алель-Агро» АҚ-ның өндірістік инкубаторы іске қосылды. Өңірдегі 5 шаруа қожалығына су үнемдеу технологиялары енгізіліп, мақсары майы өндірісінің өрісі кеңейді. Сонымен бірге «ҚазАква Альянс» ЖШС балық шаруашылығы құрылды, «Эльнур Адильгрупп» ЖШС астық қоймасы салынды. «BNK Leasing» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету үшін сервистік орталық, алма шырынын өндіретін «Рич голд» ЖШС іске қосылды, «Каусар» шаруа қожалығы көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды.
➤ Жыл соңына дейін тағы төрт жоба іске қосылады деп күтілуде.
Жалпы 2024-2027 жылдары аралығында агроөнеркәсіптік кешен саласында 245,4 млрд.теңгеге 36 жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, 5 тауарлы сүт фермасы, 3 ет бағытындағы құс фабрикасы, 8 көкөніс қоймасы, 10 қайта өңдеу жобасы, су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша 7 жоба, сондай-ақ бордақылау алаңы бар. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету бойынша жобалар іске асырылады.
➤ Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін көбейту бағдарламасы аясында 15 инвестициялық жоба қаржыландырылды.
🔗 Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында
____