«16 КҮНДІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ БЕЛСЕНДІЛІК»

0

Жақында А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте «16 күндік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділік» акциясына орай іс-шара өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, Тараз қаласындағы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Қағазбай, облыстық мәслихат депутаты Айман Ашимова және аудандық аналар кеңесінің және Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.

Жиында Эльмира Инаятқызы өз сөзінде ананың отбасындағы маңызды рөлі туралы, балалар тәрбиесі, қазіргі кезде өршіп тұрған буллинг, лудомания мәселеріне ерекше тоқталды. Аталмыш шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тауып, «Отбасындағы зорлық-зомбылық» мәселесі тақырыбында аудан өнерпаздарының сахна-ландырылған көрінісі көрермен жүрегіне жол тапты. Кездесу барысында Дамира Маратқызы көпшілік болып тұрғындар арасында осы бағытта жыл бойы жұмысты жандандыру қажеттігін тоқталып, отбасы құндылығына үнемі насихат қажет екенін айтты. Іс-шара барысында «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ үнемі қолдау танытып жүретін халық қалаулысы Айман Ашимоваға, 40-шы «Отар» Әскери база бастығы, полковник Ержан Мейрмановқа, Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы, Қордай шекара басқарма бөлімшесінің басшысы Сеймур Асадовқа, жеке кәсіпкер, «Білім-Академия» мектебінің негізін қалаушысы Нұргүл Тулендиеваға, кәсіпкерлер Эльмира Ибрайкуловаға, Гюльханым Замановаға, «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орта-лығының» психологы Ақілгек Бердалыеваға және аталмыш орталықтың мәдени ұйымдастырушысы Жанна Абдығожаеваға марапаттар ұсы-нылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында осы орталықта қызмет алушылардың бірі 5 баланың анасы Жансая Ибижановаға пәтер кілті табысталды.

Одан кейін жиналған қауым назарына аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы және «Буллинг» тақырыбы аясында бейнеролик көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.