«AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен партиядан сайланған облыстық депутаттар Г.Алимбаева, З.Қадырбекова, Л.Буларов және аудандық мәслихат депутаттары Н.Садыков, А.Ашимова, Р.Жатқанбай, К.Дургалова, И.Бицаров, К.Увалиева, Қ.Қыпшақбаева, С.Сидоренко, Т.Сарсембаев, Т.Апаева, А.Идыбо, бастауыш партия ұйымдары және белсенді партия мүшелерінің демеушілігімен «Бақытты отбасы» партиялық жобасының «Баланы мектепке жинайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 162 балаға мектеп формасы, кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табыс етілді.
Акцияның басты мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларын 1-ші қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу.
Сонымен қатар, акция аясында «Ауқатты», «Бетқайнар», «Гвардейск», «Қарасу», «Қарасай», «Кенен», «Қордай», «Масаншы» және «Сортөбе» бастауыш партия ұйымдарының партия ұйымына іс-шараларды ұйымдастыру және өзекті мәселелерді шешуге ай сайын қайтарылатын партиялық жарнаның 20 пайыздық қаржысына ұйымдастырылып, 21 оқушыға мектеп формалары мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табысталды.
ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында жұмыс жоспарына сәйкес 30 тамыз Конституция күніне орай, «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара орталық қызметкерлері мен қызмет алушылардың қатысуымен өткізілді. Әнұран ойналып, мемлекеттік Ту шығарылып, орталық директоры А.Алматаеваның құттықтау сөзінен іс-шара басталды. Патриоттық өлеңдер, тақпақтар айтылып, флешмоб билеп ата-апалардың көңілдері көтерілді.
Орталық директоры А.Алматаева әлеуметтік саланың өркендеуіне үлес қосқаны үшін орталықтың еңбек нұсқаушысы Г.Тажиеваға және мәдени іс-шараларға белсене атсалысқандары үшін қызмет алушылар Е.Богдановская мен В.Шульцты алғыс хаттармен марапаттады.
162 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАДЫ
Next Post