📡 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
Бүгін – ел мен елді, адам мен адамды жалғап, ақпарат алмасудың үздіксіз жүруіне үлес қосып жүрген байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі.
Қордай телеком қызметінің мамандары аудан тұрғындарын сапалы байланыс және интернет қызметімен қамтамасыз ету жолында күнделікті аянбай еңбек етіп келеді. Заманауи технологияларды енгізу, байланыс желілерін жаңарту және халыққа қолайлы қызмет көрсету – саланың басты міндеттерінің бірі.
Байланыс – уақыт пен қашықтықты жақындататын маңызды сала. Осы бағытта табанды еңбек етіп жүрген барлық байланыс қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына табыс тілейміз!