17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше қуанышты сәтке толы шара өтті

0

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ерекше қуанышты сәтке толы шара өтті.

Атаулы күннің мән-маңызын дәріптеу мақсатында перзентханадан жаңа өмірге қадам басқан сәбиді шығарып алып, жас отбасын құттықтау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас отбасыға ақжарма тілектер айтылып, шаңырақтарына береке мен бақыт тілеп, ізгі лебіздер білдірілді.

Сондай-ақ, еріктілердің демеушілігімен жас отбасыға арнайы сыйлықтар табысталып, бұл қуанышты сәттің мерекелік көңіл-күймен есте қалуына үлес қосылды.

Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын ұлықтап, ұрпақ сабақтастығын дәріптейтін маңызды мереке. Осындай игі бастамалар арқылы қоғамда отбасының орны мен маңызы кеңінен насихатталуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.