19 наурыз – Жаңару күніне орай ауданымызда игі бастама жүзеге асырылып, Орталық саябақ аумағында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің көркеюіне үлес қосу. Ігі іске белсенді жастармен қатар, “Береке” гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері де өз үлестерін қосты. Табиғатты аялаудың маңыздылығы тағы бір мәрте айқындалды.
Жаңару күні – табиғатпен қатар, қоғамның да жаңарып, игі бастамаларға бет бұратын ерекше кезең. Бүгін отырғызылған әрбір көшет – келешек ұрпаққа қалдырылған жасыл мұра.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік! 🌱