20 ТОННА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

0

Су басқан аймақтардағы ағайынға тілектестік танытып, жәрдем қолын созып жатқандар қатарында қордайлықтар да белсенділік танытуда. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған қайырымдылық шарасы барысында 1 алып жүк көлігі және екі «Газель» 20 тоннадан астам гуманитарлық жүкті алып, жолға шықты.

Еске сала кетсек, бұл екінші мәрте жасалып отырған шара. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Соның нәтижесінде 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Бұл жолы да азық-түлік, тұрмыстық заттар мен басқа да тұрмысқа ең бірінші қажетті заттар жиналды. Қостанайға үлкен жүк көлігі мен «Газельдер» тиеген гуманитарлық көмек аттанды.

Ал, өткен аптада 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек Арқалық қаласына жіберілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.