Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау» АЖ енгізуге байланысты респонденттерге есептілікті электрондық түрде «Респондент кабинеті» https://cabinet.stat.gov.kz арқылы тапсыру мүмкіндігі берілді. Ол үшін респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО) аутентификация құралдарын және электрондық цифрлық қол таңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны алу үшін бизнес-сәйкестендіруші нөмірі (БСН)/ жеке сәйкестендіруші нөмірі (ЖСН) бар заңды тұлға/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы тиіс.
Аутентификация құралдарын және ЭЦҚ-ны беру ХҚКО-да орналасқан Ұлттық куәландырушы орталықтың Тіркеу орталықтарында жүзеге асырылады. Тіркеу орталықтарының тізбесі ҰКО-ның http://pki.gov.kz сайтында қол жетімді.
Алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде (онлайн-режимде) қабылдау қатаң түрде статистикалық нысандарды белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.
Егерде жүйеде техникалық ақаулар туындаған жағдайда, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімдерін ұзарту немесе кейінге қалдыру туралы ресми интернет-ресурста хабарлама орналастырылады, статистикалық нысандарды техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні ұсынылу тиіс.
Алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімдерде ұсына алмаған жағдайда Сіз, тіркелген орныңыз бойынша аумақтық статистика органдарына жүгінуіңіз қажет. Алғашқы статистикалық деректерді уақтылы ұсынбау, анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 V 497-бабына сәйкес жазалауға әкеп соғады.
Құрметті респонденттер! Статистикалық нысандарға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша мына телефонға хабарласыңыздар — 8 (72636) 2-10-39.