2024 жылға жұмыс жоспары бекітілді

0

25 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысты.

Сонымен қатар, оның жұмысына, депутаттардан бөлек,  аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері мен кейбір мекемелердің басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.

Сессияда Нұрдин Садықов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп берді. Одан кейін аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева көпшілікке  2024-2026 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы баяндама ұсынды. Жан-жақты талқылаудан соң депутаттар бірауыздан оны бекітті.

Сонымен қатар, сессияда аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған перспективалық жоспары бекітіліп, комиссиялардың бұрынғы құрамдарының мерзімі бітуіне байланысты Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.