2024 ЖЫЛҒЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

0

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2024 жылғы тиісті жұмыстар жүргізілді.

 

 Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 74 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 14, жоспардан тыс – 60, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 11, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 49.

 Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 74-те жалпы сомасы 65 071,0 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 63 168,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 280,4 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (68,3 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 24,3%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 2 452,2 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 201,5 млн.теңге, бұл 8,2%-ды құрайды), 60 435,6 млн. теңгесі — бухгалтерлік есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру. 

 Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 47 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21,3 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.

 Құқық қорғау органдарына 1 440,5 млн. теңге сомасымен 4 материал берілді, онда 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 59 909,0 млн.теңге (қаржылық есептілік саласындағы бухгалтерлік есеп бойынша бұзушылықтары – 57 356,2 млн. теңге), бұл 94,8%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 2 846,0 млн.теңгеге, яғни 4,5%, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 413,2 млн.теңге – 0,7% құрайды.

Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:

— бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 60 217,0 млн.теңгеге;

— жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 882,4 млн.теңгеге;

— мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 89,4 млн.теңгеге;

— орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 1 178,4 млн.теңгеге анықталды.

 

Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру болып табылады.  

2024 жылдың 30 желтоқсанына 26780 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 26975, яғни 99,3 % құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6398 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 6272 орындалды, яғни 98,0% орындалды.

Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 40 хат жолданды, 54 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.

Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 2659 арыз шағымдар келіп түскен, оның 1539 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны- 1120.

Сонымен қатар, Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы зңнамасы (ҚР Кодексінің 238 бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207 бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды

2024 жылдың өткен кезеңінде Департаментте барлығы 827 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 664 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 163 материал сотқа берілген.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100,5 млн. теңгеге айыппұл салынып, бюджетке 95,0 млн.теңге өтелді.

 

Р.Дильдаев,

Жамбыл облысы бойынша

ішкі мемлекеттік

 аудит департаментінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.