2025 жылғы 1 тоқсандағы әкімшілік практикасы

0

2025 жылдың I тоқсанында Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан барлығы 75 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 12 іс аудит нәтижелері бойынша қозғалған.

Әкімшілік істердің басым бөлігі мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарға қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу нормаларын сақтамай жасалған шарттар немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа уақтылы талап қойылмау сияқты бұзушылықтар тіркелген.

Әкімшілік істерді қарау нәтижесінде жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Аталған айыппұлдар 100% көлемінде бюджетке өндірілді. Қозғалған істердің барлығы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 811-бабына сәйкес қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді толық көлемде жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға салынған айыппұлдың 50% мөлшерін жеті күн ішінде төлеуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.