Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабына, Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау Ережесіне сәйкес Жамбыл облысы аумағындағы бекітілген аңшылық алқаптарында 2025 жылдың наурыздың 8-22 аралығында қоса алғанда 15 күнге көктемгі аңшылық маусымы ашылды. Аңшылық шаруашылық субьектілері және әуесқой аңшылар аң аулау кезінде аңшылық алқаптарда қаруды қолдану ережелерінің және өрт қауіпсіздігі талаптары сақталсын.
Қ.СУРАБЖАНОВ, «Қарақоныз» КММ аңшылық маманы