2025 жылдың ІІ жартыжылдығы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы үшін мазмұнды өзгерістер мен нақты нәтижелер кезеңі ретінде айқындалды.

0

2025 жылдың ІІ жартыжылдығы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы үшін мазмұнды өзгерістер мен нақты нәтижелер кезеңі ретінде айқындалды. Осы аралықта құрылым өңір экономикасының нақты сұраныстарына бейімделген тиімді даму институты ретіндегі рөлін күшейтіп, инвестиция тарту, өндірістік жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді. Әрбір бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық базасын кеңейтуге және ұзақ мерзімді экономикалық әсер қалыптастыруға бағдарланды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Корпорация қызметінің негізгі миссиясы – экономикалық әлеуетті толық іске асыру арқылы тұрақты даму ортасын қалыптастыру. Ашықтық, жауапкершілік және нәтижеге бағытталу қағидаттары өзгеріссіз сақталуда. Қаржылық қорытындылар бойынша 2025 жыл 134 миллион теңге көлеміндегі пайдамен аяқталды. Активтер көлемі 31,3 миллиард теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.