2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Қордай ауданының аумағында «ЖАСӨСПІРІМ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

0

🚔 2026 жылғы 1–3 шілде аралығында Қордай ауданының аумағында «ЖАСӨСПІРІМ» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдер қылмысының профилактикасын күшейту, сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды және олардың заңды құқықтарының бұзылу фактілерін анықтау.
Іс-шара аясында ювеналды полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізіп, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
👮‍♂️ Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамай, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қайда, кіммен жүргенін бақылауда ұстауға шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.