Өздеріңізге белгілі, «AMANAT» партиясы ішкі партиялық жұмыс тиімділігін арттыруға басымдық беруде. Осы орайда, партия Жамбыл облыстық филиалы партияның негізгі қозғаушы күші саналатын бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына семинар-кеңес өткізуді қолға алған болатын. Мұндай ауқымды шараны өңірдің барлық ауданында ұйымдастырылып, 266 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қамтылды.
Еркін форматта өткен мұндай басқосуларда партия облыстық филиалының бөлім қызметкерлері өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұйым жұмысы тиімділігін арттыру аясындағы негізгі тетіктерді түсіндірді. Әрине, олар алдымен іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру форматы, олардың құжаттарын толтыру мен әлеуметтік желіде қалай жариялау керектігіне баса тоқталды.
Сонымен қатар, ұйым төрағаларына партия жобаларының маңызы мен іс-қағаздар жүргізу тәртібі, қоғамдық қабылдау барысында ескеретін мәселелер кеңінен айтылды. Бұдан өзге, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына партиялық жобалардың мақсат-міндеттері, филиалдың алда атқаратын жұмыс жоспарлары түсіндірілді.
Бастауыш партия ұйымдары партияның саяси бастамаларын қолдайтын әрі жүзеге асыратын, түрлі шараны ұйымдастыра алатын күшке айналуы тиіс. Бірнеше күнге жалғасқан семинар-кеңестердің де мақсаты осы болды. Аудан, ауылдарда өткен мұндай жиындарда 266 бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен тікелей жұмыс жүргізіліп, партия жұмысын жаңғыртудағы бастамалар пысықталды. Алдағы уақытта бұл ұйымдармен байланыс одан әрі нығайып, нәтижелі жұмыс атқарылатын болады.