28 наурыз — халықаралық “Жер сағаты” экологиялық акциясы Жамбыл облысында да аталып өтті.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейінгі аралықта бірқатар елдімекендер, ғимараттар мен кәсіпорындар жарығын сөндіріп еліміздің экотуризмін дамытуға үлес қосты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық экоакция. Ол адамдарды планетаның болашағына деген жауапкершіліктің белгісі ретінде бір сағатқа жарық пен тұрмыстық техниканы өшіруге шақырады.
«Жер сағаты» — планетадағы ең ірі экологиялық акция болғандықтан, оған әлем бойынша 180 елдегі 7000 қаланың 2 миллиардтан астам тұрғыны қосылған. 2026 жылы халықаралық «Жер сағаты» акциясы 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өтіп отыр.
Акцияның мақсаты — табиғатқа және планетаның ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын акция кезінде ел бойынша танымал нысандардың шамдары символикалық түрде өшіріледі.