30 ЖЫЛДЫҚҚА 30 КІТАП

0

«Кітап оқу — рухани кемелденудің көзі десем артық емес», деп Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтпекші бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ, кітапханасыз  адам   ойының дамуы мүмкін емес. Бүкіл әлемдегі кітапханалар — білім мен мәдениеттің ошағы екені анық. Президентіміз ұсынған 30 кітап,  әлем және қазақ әдебиеті, солардың ішінде балалар әдебиетіне баса назар аударуында үлкен мән жатыр. Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында елі мен жерін сүю үшін жас ұрпақ байтақ Қазақстанның ғажайып жауһарларын білуге тиіс екенін айтты. Осы тұста Президент алдағы мақсат келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу екенін баса айтты. Ал, жасампаз ұрпақ білімді азаматтардан шығары белгілі. Осыған орай мектебімізде  «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» тақырыбында айтулы шара өтіп, онда мектеп директоры М.Байбеков және мектеп ұжымы балаларға  30 кітап тарту етті.

 

Тамара Жұмағалиева, Арал ауылдық №25 негізгі мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.