0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында 6-шы қазанда Қазақстанда АЭС салу туралы жалпыұлттық референдум өтетінін хабарлаған еді.
Мамандардың айтуынша атом электр станциясы- Қазақстан стратегиялық даму бағыты, ол елімізге таза және қауіпсіз энергетика саласында көшбасшы болуға мүмкіндік береді. АЭС қоршаған ортаны ластамай, үлкен көлемде электр энергиясын өндіреді. Бұл табиғатты сақтауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі. Өзіміздің уранды пайдалану Қазақстанның отын импортына тәуелділігін азайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады. Атом электр станцияларын салу жаңа жұмыс орындарын ашып, ғылым мен технологиялардың дамуына ықпал етіп, инвестиция тартып, экономикалық өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл тұрақты және сенімді энергиямен жабдықтауды ұзақ жылдарға қамтамасыз ететін маңызды жоба. Атом энергетикасы – Қазақстанның болашағына қосқан үлесі, болашақта еліміз гүлденген және экологиялық таза мемлекетке айналып, әрбір азаматтың қауіпсіз және жайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.