88 КОМБАЙН ІСКЕ КІРІСКЕН

0

Биыл облыс бойынша шаруалар 364,7 мың гектарға жаздық масақты дәнді дақыл, 46,1 мың гектарға майлы дақыл, 7,9 мың гектарға қант қызылшасы, 4,5 мың гектарға картоп, 22,8 мың гектарға көкөніс, 7,9 мың гектарға бақша дақылдары және 190,5 мың гектарға мал азығы дақылдарын отырғызған болатын. Осы көрсеткіштер ішінде қордайлық диқандардың да зор үлесі бар.

Көктемгі дала жұмыстарына 7 506 ауыл шаруашылығы техникалары жұмылдырылса, оған қажетті бөлінген 10,8 мың тонна дизель отынының 9,2 мың тоннасы өңірге жеткізіліп, 8,4 мың тоннасы шаруаларға таратылды. Жоғарыда көрсетілген цифрларға байланысты қордайлықтар үлесіне тоқтала кетсек.  Қордай ауданы бойынша ағымдағы жылы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша егістік жер көлемі 137,4 мың га құраған. Қордайлықтар дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды 63,6 мың гектарға сепкен, оның ішінде күздік бидай — 20,1 мың га, жаздық арпа — 36,5 мың га, дәндік жүгері — 7,0 мың га, қант қызылшасы – 0,3 мың га, картоп – 2,5 мың га, көкөніс – 3,5 мың га, бақша дақылдары – 0,3 мың га, мал азығы дақылдары – 30,6 мың га.  Жоғарыда атап өткеніміздей облыс бойынша 10,8 мың тонна дизель отыны арзандатылған бағамен берілсе, соның ішінде жаңар-жағар май бойынша 2024 жылға аудан бойынша оператор «Wedo Energy» ЖШС-сы айқындалып, көктемгі дала жұмыстарына 73 шаруа қожалық «ГосАгро» ақпараттық жүйесіне 869,36 тоннаға арзандатылған дизель отынына өтінім берген. Ал, күзгі дала жұмыстарына 57 шаруа қожалық 630,5 тонна дизельге өтінім берді. Байқасақ, қордайлықтар аймақ бойынша аталмыш жанар-жағар майға өтінім бергендер қатарына көш басында.

Бүгінгі күнге масақты дәнді дақылдардан күздік бидай мен арпа ораққа түсіп, әр гектардан орташа өнім 15,5 центнер болып отыр.  Масақты дәнді дақылдарды жинауға 88 комбайн жұмылдырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.