90 жасар Сейлхан әже дауыс берді

0

Бүгінгі саяси науқанда 90 жасар қария да назардан тыс қалмады. Референдумға қатысуға деген ынтасы зор Қарасу ауылының тұрғыны, жасы тоқсандағы кейуана Сейлхан Батырева референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Сейлхан апаны үйінен алып кетіп, Қарасу ауылындағы №511 сайлау учаскесіне апарып, дауыс беруге жәрдем жасады. Өз азаматтық ұстанымын білдірген әже сайлаудың жас ұрпақтың болашағы мен халқымыздың өркендеуіне жол ашатын маңызды қадам екенін айтып, ел амандығын тілеп, ақ батасын берді. Кейуана өз пікірін білдіріп, дауыс беруге көмектескен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің қызметкерлеріне алғысын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.