Жарыс жолында жастар

0

17 тамыз күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Профи-2022» атты кәсіби жастар арасында байқау өткізілді. Онда жалпы ауданымыздың жастары бақ сынады. Іс-шараның мақсаты жастарға өз шеберліктерін танытуға мүмкіндік беру, кәсіпкер ретінде жаңа бастамаларына қолдау көрсету.
Әр байқау кезеңдерге сай 1,5-2 сағат көлемінде өткізілді. Аспазшылар бірнеше тағам үлгісін жасаса, маникюр ісінің шебері, шаштаразшылар мен визажистер – қалыңдық үлгісі, кешкі сән үлгісі және креативті сән үлгіге сай өз жұмыстарын ұсынды. Аспазшылар арасында І-ші орынды Қаракемер ауылдық округінің аспазшысы Темірбай Айгул, ІІ-ші орынды Сұлутөр ауылдық округінің аспазшысы Алдибек Шолпан, ІІІ-ші орынды Отар ауылдық округінің аспазшысы Орынбасар Арайлым , ІҮ-ші орынды Қақпатас ауылдық округі Қашаубай Нұрсұлу иеленді. Маникюр шеберлері арасында І-ші орынды Жамбыл ауылдық округінен Сабырова Диларам иеленсе, визажисттер санатынан І-ші орынды Жамбыл ауылдық округіннен Ерназарова Құралай , әйелдер және ерлер шаштаразшылары байқауында І-ші орынды Сарыбұлақ ауылдық округінен Кеңеспай Бекжан иеленді. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар облыстық «Профи» байқауына жолдама алып, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

А.СЕЙДЕХОДЖАЕВА, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің жастар ісі жөніндегі инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.