Ядролық қарусыз әлем үшін

0

29 ТАМЫЗ КҮНІ СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ ТОЛДЫ. ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ЕРКІМЕН ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ АРСЕНАЛЫНАН АЛҒАШ БАС ТАРТҚАН ЕЛ РЕТІНДЕ ТАРИХТА ҚАЛҒАНЫ БАРША МӘЛІМ.
Осыған орай Қордай ауылының орталық алаңында Қордай аудандық Чернобыль ардагерлері және ерекше тәуекелді солдаттар кеңесімен ұйымдастырылған еске алу және «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға ерекше тәуекелді солдаттар, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қатысты.
Шара барысында сөз алғандар ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні барлық өткізілетін еске алу акциялары әрі қарайғы ядролық қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырылғанын атап өтті. Тәжірибе мен тарих ядролық қаруды сынаудың зардаптары қайғылы екенін көрсетті. Біздің жерлестеріміздің көбісі ядролық жарылыс кезінде штаттан тыс жағдайлардың салдарын жоюға өлшеусіз үлес қосқан.
– 40 жылдың ішінде, яғни 1949-1989 жылдар аралығында 456, оның ішінде -116 атмосфералық, 340 жер асты ядролық жарылыс орын алғанын жеткізді. Барлық жарылыстардың қуаттылығы Хиросимаға лақтырылған бомбаның қуаттылығынан 2500 есе асып кеткен. Әртүрлі баға бойынша, полигондағы сынақтардан Қазақстанда 1,5 млн астам адам зардап шеккен.
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінің бүкіл адамзат үшін маңызы зор. Атом жарылыстары тірінің бәріне үлкен зиян келтірді. Бұл зұлмат қайталанбау керек. Жарылыс зардабын жоюшыларының қайсарлығы мен ерлігі ұмытылмауы тиіс. Қаза болғандардың есімдері ұмытылмайды, — деді өз сөзінде Чернобыль ардагерлері және ерекше тәуекелді солдаттар кеңесінің төрағасы Сергей Башлаев.
Осы күні «Б.Момышұлының 100-жылдығына орай» төсбелгісімен Заманбек Жұмабеков, Мұхтар Нұрқасымов және Исхар Юбузов марапатталды. Сонымен бірге Чернобыль ардагерлері және ерекше тәуекелді солдаттар кеңесінің төрағасы Сергей Башлаев барлық ерекше тәуекелді солдаттарға Құрмет грамоталарын тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.