КӘСІПТІК ОҚУ-БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

0

Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі.
Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту (бұдан әрі – Оқыту) мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер статусы бар;
2) бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған;
3) салық, жарналар және аударымдар бойынша өтіп кеткен берешегі жоқ;
4) материалдық-техникалық базасы бар;
5) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар білікті жұмыскерлері бар;
6) жұмысшы біліктіліктер бойынша кадрлар даярлаудың жеке бағдарламалары бар;
Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды қаржыландыру тәртібі
Оқу кезеңінде жұмыссызға жалақыны жұмыспен қамту орталығы төлейді.
Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) АЕК-ті құрайды.

Толық ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына қайырылуыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірі 4-84-96, 8778 388 00 22

Leave A Reply

Your email address will not be published.