Қордай аудандық тұрмыстық зорлық–зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында көктем айынан бастап қоңыр күзге дейін орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары орталықтың шағын бақшасына дәнді-дақылдарын егіп, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, алма, өрік, шие т.б. көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді. Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдырауға, жалқаулыққа, зерігуге, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соқтырады. Күнделікті өмірде қажетті негізгі дағдыларды дамыта алатын, өмірге деген құштарлықты қайта қалпына келтіретіндей етіп ынталандырып қызмет алушылармен «Еңбек терапиясы» үздіксіз жүргізіледі.
Әсет ЖӘНІБЕК, Қордай аудандық тұрмыстық зорлық–зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының шаруашылық меңгерушісі