Жастар практикасын өту үшін жұмыс орны мамандық бойынша алғашқы тәжірибе алуға арналған. Ондай жұмыс орындарына техникалық және арнайы, орта, жоғары білім алғаннан кейін 3 жыл ішінде орналастыруға болады.
Сізге келесідей құжаттар қажет болады:
— жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
— еңбек кітапшаңыздың көшірмесі (бар болса);
— алған біліміңіз туралы құжат көшірмесі.
Тәжірибеңіз жеткіліксіз болғандықтан жұмыс таба алмай жүрсіз бе?
Сіз «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау ала аласыз. Бұл кәсіптік білім мен дағдыларды игеруге арналған жұмыс.
Кім өтініш бере алады?
Жасы 29-дан аспаған, кәсіптік білімі және жұмыс өтілі жоқ жастар. Бағдарлама аяқталғаннан кейін жұмыссызға кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орны беріледі. Ұзақтығы 18 айдан аспайды. Жалақы – 30 АЕК. Бірақ жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жоғары белгіленуі мүмкін.
Зейнет жасына дейінгі қызметкерлерді қолдау мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасы іске қосылды.
Соның арқасында зейнет жасына дейінгі жұмыссыздар (58 жастан асқан әйелдер мен 61 жастан асқан ерлер) жұмысқа орналаса алады
Жұмыс тәжірибесін алу үшін «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы іске қосылды.
•Субсидия мөлшері айына 30 АЕК-тен кем емес.
•Ұзақтығы 6 айдан аспайды
•2 жылдан кешіктірмей алған дипломы болуы тиіс
•Жасы 29-ға дейін.
«Ұлттық жоба» аясында көрсетілетін белсенді шараларға қатысуға шақырамыз! Байланыс телефоны: 4-84-96
Қордай аудандық Халықты
жұмыспен қамту орталығы
«ҰЛТТЫҚ ЖОБА» АЯСЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАР
Prev Post