САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ҚОЛДАЙДЫ

0

Жуырда аудандық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Ашимова және Б.Қарамолдаева сайлау қорытындыларын қолдау мақсатында халықпен кездесу өткізді.

Кездесуде 21 қарашада «Ашық қоғам» халықаралық өңірлік зерттеулер институты өткізген алғашқы exit poll қорытындыларын айтып, оның дауыс беру нәтижелерімен таныстырды: атап айтқанда: Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%; Қарақат Әбден – 2,54%; Нұрлан Әуесбаев – 2,17%; Жигули Дайрабаев – 3,33%; Мейрам Қажыкен – 2,23%; Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%; барлығына қарсымын – 5,2% құрағандығын жеткізді. Жалпы сайлауға қатысу — 69,44 пайыз немесе 8,3 млн нан астам адамды құрады. Сайлауда 11 мың сенімді тұлға, шет мемлекеттерден 641 бақылаушы, саяси партиялардың 15,5 мың өкілі, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам адам және 1 225 журналист бақылаушылар қатысты.
А.Ашимова өз сөзінде: «Бұл саяси науқанның бұрынғы сайлаулардан басты айырмашылығы балама негізде сайлау мүмкіндігіне ие болып, әрқайсымыз өзімізге ұнайтын кандидатқа дауыс беру құқығын пайдаландық. Президенттікке үміткерлердің барлығы құрметке лайық екені сөзсіз. Олардың барлығы қызықты сайлау бағдарламаларын ұсынып, үлкен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда әр үміткерлердің қолдаушылары бар және менің ойымша, олар өз идеяларының кем дегенде бір бөлігін алға жылжыту жұмысын жалғастырады. Бір қызығы, сайлаушылардың бір бөлігі «барлығына қарсы» бағанына құсбелгі қою құқығын пайдаланды. Бұл олардың қалауы, бұл дауыс берудің қалған мүшелерінің пікірімен сәйкес келмеуі. Ең бастысы, ағымдағы сайлаудың қорытындысы ел азаматтарының басым көпшілігінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанның құрылысына ұсынған бағытын жалғастыруға ниетін растауын көрсетті. Бәріміз гүлденген дамыған мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Себебі, отбасыларымызға және барша қазақстандықтардың болашақ ұрпағына бақыт тілейміз»,-деді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар өз ой-пікірлерін айтып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдайтындықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.