Ең алдымен әлеуметтік желі тұралы айта кетсек, әлеуметтік желі – қызығушылықтары ұқсас немесе оффлайн байланыстары бар адамдар арасында қарым-қатынас жасау, танысу, әлеуметтік қарым-қатынас жасау, сондай-ақ ойын-сауық пен жұмыс үшін пайдаланылатын онлайн платформа. Әлеуметік желіге не жатады мысалы қазір адамзат қолданып жүрген VK, Instagram, WhatsApp желілері.
«В Контакте» желісі, пайдаланушыларға бір-біріне хабарлама жіберуге, өз парақтарын және бірлестіктерін құруға, фотолармен, тегтермен, музыка мен бейнелермен алмасуға, браузер ойындарын ойнауға мүмкіндік береді.
Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар.
WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады.
Қазіргі прогрессивті әлемде әлеуметтік желі үлкен рөл атқарады.
Кішкентай баладан бастап, жасөспірімдер әлеуметтік желілердің құлы болды.
— Ия расыменде бұл шындық XXI ғасырдың талабы деп баяндасақ болады. Әлеуметтік желі күнделікті ас-тұз секілді өте қажет, бірақ мөлшерден көп қолданса денсаулықа зиян.
Зиянды жақтарын айта кетсек, біріншіден – ғаламторға тәуелділік. Расымен ғалымдардың зерттеуі бойынша дүние жүзі халықтарынының 10%-ы әлеуметтік желіге тәуелді. Халықтың ғаламторға тәуелділігі соншалық, көпшілігі әлеуметтік желіні кәдімгі тағам, су, күн энергиясы сияқты кажет етіп тұрады. Әсіресе, Солтүстік Корея, Қытай елдерінде ғаламтор қолданушылардың саны басым.
Бұл ғаламтордың жалғыз зияны емес, тағы бір зиянды жағы – бейне көріністі экран (Монитор) алдында көп отырғанның салдарынан көздің көру қабілеті, құлақтың есту, ойлау, қимыл-қозғалыс қабілеттері уақыт өте істен шыға бастайды. Және де әлеуметтік желінің бір кемшілігі кез келген адам белгілі бір азамат туралы ақпарат көздерін ұрлап, оны өз мақсатына жаратуы мүмкін. Осындай жағдайдан көптеген адамдар зардап шегуде.
Дегенмен әлеуметтік желілердің пайдасы да баршылық. Ең алдымен, пікір алмасуға және өз пікірімен бөлісуге көмектеседі. Кез келген сәтте өз жақыныңмен хал-жағдай сұрасуыңа болады, соңғы жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік желі арқылы үнемі соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отырасың. Үшіншіден, әлеуметтік желіден әртүрлі әндер мен қызықты бейнежазба суреттер, көптеген оқулық ақпараттар табуға болады, әрі бәрі тегін.
Сонымен бірге, өз кәсібіңді жарнамалап дамытуға мүмкіншілік жасайтын көптеген оқырмандар табуға болады. Мысалы, өзіңіздің бір киім сататын немесе ойыншық сататын кәсібіңіз болса, оны әлеуметтік желіге жарнамалап сатуға болады. Сонымен қортындылай келе, әлеуметік желінің дұрыс және бұрыс жағы да бар. Дегенмен оны шектен тыс пайдаланамын деп тәуелділікке түсіп уақытыңызды, денсаулығыңызды құртып қолайсыз жағдайларға тап болмаймын десеңіз оған көп үйір болмағаныңыз жөн.
Естай ҚОСАЛЫ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің 1-курс студенті