Дәл осы күндері отандық дәрігерлеріміздің бірі, «Адам денсаулығы үшін қауіп факторларының зиянын азайту жөніндегі ұлттық қауымдастық – Денсаулық» ЗТБ төрағасының орынбасары Гинтаутас Кентра Афины қаласында (Греция) өтіп жатқан «Темекінің зиянын азайту: жаңа өнімдер, зерттеулер мен қағидалары» атты 5-ші ғылыми саммитте баяндама жасады.
Халықаралық саммитке әлемнің 25 елінен 70 спикер мен 300-ден астам адам жиналып, темекі шегу саласындағы жаңа өнімдер мен соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Саммитті SCOHRE – темекі шегуге қарсы күрес және зиянды азайту жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың халықаралық ғылыми қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Сондай-ақ саммитте шылым шегуден келетін зиянды азайту тақырыбы мен реттеу мәселелері талқыланып, қатысушылар өткір де сындарлы диалогтар арқылы темекіге қарсы күрес саясатында әзірленген жаңа тәсілдерді ортаға салды.
Гинтаутас Кентра өз баяндамасында әлем мен Қазақстандағы жұқпалы емес аурулар мәселесіне тоқталып, халықтың хабардарлығын арттыру арқылы елдегі осындай аурулардың қауіп-қатер факторларымен күрестегі «Денсаулық» қауымдастығының қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Ол сондай-ақ Жапония, Швеция, Англия сияқты елдердің темекі шегуге қарсы күрестегі әлемдік тәжірибесі темекі шегуге қарсы күрестегі зиянды азайту тұжырымдамасы жұмысының табыстылығын көрнекі түрде дәлелдейтінін, бірақ Қазақстан билігі зиянды азайту қағидаттарын енгізуге тиісті назар аудармағанын атап өтті.
«Зиянын азайту («Harm reduction») деп отырғанымыз – бұл зиянды әдеттер, яғни темекі тарту мен өмір салтынан толықтай бас тарта алмайтын немесе қаламайтын адамға зиянды мінез-құлық пен аз зиянды балама арасындағы таңдау құқығын беру бағыты. Бұл тәсіл ғылыми базаға негізделген және оң өзгерістер мен таңдау құқығына бағытталғанын айта кету керек. Қазақстанда ересек тұрғындардың 21,5%-ы-темекі шегудің салдарынан небір қауіпті аурулардың пайда болу қаупіне бейім шылымқорлар болғандықтан, бұл тек олардың ғана жеке мәселесі емес, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне де үлкен салмақ салады. Осыған байланысты мемлекеттік органдар тарапынан никотинді пайдалану күшті физикалық және психологиялық тәуелділікпен байланысты екенін, ал зиянды азайтудың қазіргі заманғы қағидаттарын пайдалану көптеген өлімге әкелетін аурулардың дамуын болдырмау тетіктерінің бірі болып табылатынын түсіну қажет», деп қорытындылады баяндамасын Гинтаутас Кентра.
Темекіден келетін зиянды азайтудың кешенді тәсілі шеңберінде саммит іргелі ғылым, эпидемиология, токсикология, клиникалық тиімділік және ұзақ мерзімді қауіпсіздіктен бастап әлеуметтік, заңдық және нормативтік мәселелерге, этика мен адам құқықтарына дейінгі мәселелердің көпшілігін қамтыды.
Айнаш ЕСАЛЫ
ЗИЯНДЫ АЗАЙТУ – ТЕМЕКІ ШЕГУ ПАНДЕМИЯСЫНАН ЖАЛҒЫЗ ТИІМДІ ҚОРҒАНЫС
SCOHRE темекі шегуге қарсы күрес және зиянды азайту жөніндегі халықаралық қауымдастығы темекіден келетін зиянды азайту бойынша «Жаңа өнімдер, зерттеулер және саясат» ғылыми самиттін өткізді.
Іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген жетекші зерттеушілер, клиницистер және әртүрлі білім салаларының ғалымдары іргелі ғылымнан бастап денсаулық сақтау және экономика саласындағы саясатқа дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Іс жүзінде әрбір спикердің аузынан шыққан негізгі идея – қоғамдық денсаулық сақтау шеңберінде зиянды азайту стратегиясын енгізудің маңыздылығы.
Темекі шегу жыл сайын 8 миллионнан астам адамды өлтіреді. Темекі шегушілерге қатаң шектеулер тиісті нәтиже бермесе де, бұл көрсеткішті қалай азайтуға болады? 2005 жылы ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенцияның қабылдануына қарамастан, қазіргі уақытта әлемде бұрынғысынша шамамен 1,14 миллиард белсенді темекі шегушілер бар.
«Егер біз оның алдын-алу және оның ауыртпалығын азайту үшін іс-шара қолданбасақ, темекі шегу эпидемиясы ешқайда кетпейді», деп санайды профессор Джузеппе Бьонди-Цокай:
Форум сарапшылары атап өткендей, темекі шегу азаматтардың денсаулығы мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары қауіп деңгейімен байланысты. Темекі шегуден болатын зиянның көп бөлігі темекінің жануы және сол кезде бөлінетін зиянды заттар: шайыр, көміртегі тотығы, 69 канцерогендер және шамамен тағы 6000 түрлі химиялық қосылыстар болып табылады.
Сарапшылардың пікірінше, никотиннің өзі темекі шегумен байланысты негізгі аурулардың, атап айтқанда қатерлі ісік ауруының себебі болып табылмайды. Бұл ғылыми дәлелденген факт. Бірақ дәл осы никотин тәуелділікті тудырады, бұл темекі шегушілердің жаман әдеттен бас тартуына кедергі келтіреді. Сондықтан қазір жаңа үрдіс танымал болып келеді – тәуелділікпен күресудің орнына темекі шегушілерге түтінсіз және жанусыз өнімдерге өтуді ұсынып, зиянды азайту ұсынылады.
Сарапшылар болашақпен байланыстыратын Зиянды азайту тұжырымдамасы деп аталатын бұл тәсіл кейбір елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Қыздырылған темекі және құрамында никотині бар түтінсіз өнімдер дәстүрлі темекіге қарағанда аз қауіп тудырады, өйткені оларда жану процесі толығымен жоқ.
«Никотиннің өзі негізгі мәселе болып табылмайды. Ұзақ мерзімді перспективада темекіден жану процесі болмайтын бұйымдарға өту халықтың денсаулығын айтарлықтай жақсартуы мүмкін. Зиянды азайту стратегиясы – бұл күшті қару, оны тиімді қолдануды үйрену керек, ол темекі шегуден бас тарту және темекі шегудің алдын-алумен қатар темекіге қарсы күрестің үшінші тірегі болуы тиіс», деп белгіледі SCOHRE президенті профессор Игнатиос Икономидис.
Зиянды азайту стратегиясы темекі шегумен күресудің қолданыстағы шараларын тиімді түрде толықтырады деп санайды наркология профессоры Кейтлин Нотли. Маман Ұлыбританияның темекі шегуге қарсы тәсілін талдап, осы елдегі мүдделі тараптардың арасында темекіге қарсы күрестің басты мақсаты никотинге тәуелділікті төмендетудің орнына темекі тұтынуынан болатын өлім мен ауруды азайтуға қатысты консенсус бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Ұлыбритания айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алды – темекі шегушілердің 21 пайыздан астамы зиянды азайту тұжырымдамасының арқасында темекіден бас тартты.
Әлемдегі темекі шегу проблемаларын ең ықпалды зерттеушілердің бірі Клайв Бейтс темекі индустриясындағы өзгерудің қозғаушы күші тұтынушылардың қажеттіліктері екенін, олардың тарапынан зиянды азайту туралы сұрау бар екенін атап өтті. Ал ғылым – қай бағытта қозғалу керектігін көрсететін компас.
«Темекі шегуден бас тартудың тиімділігін арттырудың, денсаулық пен қаржылық ауыртпалықты шектеудің жаңа құралы темекіден келетін зиянды азайту болып табылады. Ал темекі шегудің қаржылық ауыртпалығы орасан зор. Егер біз Еуропада темекі шегуді бір пайызға қысқарта алсақ, онда біз басқа салаларға инвестиция салуға болатын 40 миллиард еуроны үнемдейміз», деді Томас Друкер, бұрынғы денсаулық сақтау министрі, Словакия Республикасының ішкі істер министрі.
Ғалымдардың пікірінше, темекі шегуге және зиянды азайтуға қарсы күресте күш-жігерді біріктіру керек, ал үкіметтер мәселені түсінбестен жетістікке жету мүмкін болмайды. Атап айтқанда, сарапшылар тобы инновациялық әлеуетті зияны азырақ өнімдерге сараланған салық салуды ұсынды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, сарапшылардың пікірінше, құрамында никотин бар азырақ зиянды өнімдерге қоғамдық денсаулық сақтау мен экономикаға тигізетін пайдасы бойынша аз салық салынуы керек. Осыған ұқсас тәсіл бірқатар елдерде алкогольге қолданылады, мұнда күшті сусындарға жоғары акциз, ал күштілігі азырақ сусындарға төменрек акциздер салынады.
Ғылыми қоғамдастықтың темекі шегу мәселесіне көзқарасы 2021 жылғы 8-12 қарашада өтетін ДДҰ темекіге қарсы күрес жөніндегі Негіздемелік конвенция тараптарының Конференциясы (Conference of the Parties) қарсаңында ерекше маңызды. Конвенцияға 130 ел қосылды және бұл БҰҰ тарихындағы ең кең таралған шарттардың бірі болып табылады.
ДДҰ ТҚНК темекі эпидемиясының жаһандануына жауап ретінде әзірленді, бірақ әзірге онда жасалған ұсыныс шаралары әлемдегі темекі шегушілердің санын айтарлықтай азайта алмады. Ғылыми қауымдастық ұсынатын зиянды азайтуға негізделген темекіге қарсы күрестің жаңа тәсілі алдағы конференцияда қаралуы және ескерілуі қажет.
Арман ОКТЯБРЬ
ТЕМЕКІ ШЕГУ МЕЗГІЛСІЗ ӨЛІМГЕ СЕБЕП БОЛАДЫ
Ғалымдардың пікірінше, түтінсіз никотин өнімдері темекі шегумен байланысты аурулардан болатын өлім-жітімді күрт төмендетуге көмектесе алады, ал ол қазір жыл сайын 8 миллионға жетуде.
Әлемнің түрлі елдерінен темекі шегуге қарсы жүз танымал ғалымдар мен сарапшылар конвенцияға қатысушы елдерге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына зиянды азайту тұжырымдамасын енгізуге және түтінсіз никотин өнімдерін темекі шегуге қарсы күрестің бір бөлігіне айналдыруға бұрын-соңды болмаған үндеумен жүгінді.
«Бұл бастама темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенция (ТКНК) тараптары Конференциясының 9-кеңесі қарсаңында пайда болды», деп жазады Courier Mail.
ДДСҰ және ТКНК-ға үндеуі бар хатқа атап айтқанда, Ұлыбритания үкіметінің бұрынғы кеңесшісі және Imperial College London профессоры Дэвид Натт, Сounterfactual Consulting — темекі шегуге қарсы күрес жөніндегі жетекші британдық ұйымның директоры Клайв Бейтс, сондай-ақ University Colle London және King’s College (Ұлыбритания), Yale University және New York University (АҚШ), Medical University of Vienna (Австрия), University of Geneva (Швейцария), University of Queensland (Австралия), University of Ottawa (Канада) және басқа да көптеген оқу және ғылым мекемелері қол қойды.
«Біз ТКНК тараптарына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенцияға оның қағидаларын енгізе отырып, темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын қолдауға және ілгерілетуге шақырамыз», делінген сарапшылардың мәлімдемесінде.
Олар соңғы онжылдықта темекіні жандырмайтын және түтін шығармайтын инновациялық никотин өнімдері жасалғанын атап өтті.
«Дәл осы темекі мен темекіні жандыратын басқа да темекі өнімдері, бүкіл әлемде никотинді қолданудан болатын көптеген өлім үшін жауапкершілікті алып жүреді. Түтінсіз никотин өнімдері – электронды темекілер, ішуге арналған никотин патчалары, электронды қыздыруға арналған темекі өнімдері темекі шегуден болатын зиянды азайтудың перспективалы жолын ашады», деп хатқа қол қойған сарапшылар сенім білдірді.
Сарапшылар түтінсіз баламалардың артықшылықтары мен қауіптері әлі де зерттелетінін алға тартады.
«Түтінсіз никотин өнімдері темекіге қарағанда зияны әлдеқайда аз екендігі туралы сенімді ғылыми дәлелдер бар. Бірақ, соған қарамастан, ДДСҰ және әлемнің бірқатар елдерінің үкіметтері түтінсіз баламаларға қатысты негізсіз қатаң және консервативті саясат жүргізуді жалғастыруда», дейді сарапшылар.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегумен байланысты миллиондаған өлімнің алдын алуға көмектесе алатын стратегияны қабылдамайды. ДДСҰ темекі нарығын түрлендіру және темекі өнімдерін пайдалану қаупін азайту әлеуетін елемейді», деп жазады хат авторлары.
Courier Mail мәліметтері бойынша, ДДСҰ-ның барлық күш-жігеріне қарамастан, әлемде 1 миллиардтан астам адам темекі шегуді жалғастыруда, сонымен қатар соңғы онжылдықтарда темекі шегушілердің саны өскен. Әлемде жыл сайын темекі шегумен байланысты аурулардың салдарынан 8 миллионға жуық адам қайтыс болады.
Қазақстанда 2,4 миллион темекі шегуші бар, бірақ темекі шегуден болатын зиянды азайту бойынша түтінсіз өнімдердің әлеуеті де ескерілмейді, ал балама өнімдер бойынша заңнама күшейтіліп келеді. 2018 жылғы мәліметтер бойынша, темекі шегу 20 900 адамның мезгілсіз өліміне себеп болған.
Хат авторлары бұл тәсілді сынға алып, ДДСҰ мен ТКНК-ға темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын енгізу бойынша алты ұсыным ұсынады. Атап айтқанда, темекіден келетін зиянды азайтуды денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жаһандық стратегияның, ең алдымен, инфекциялық емес аурулармен күрестің құрамдас бөлігі ету ұсынылды.
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ