Медициналық сақтандыру – әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі ретінде қоғам денсаулығын қорғау мақсатында қаралатын медициналық категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, денсаулығының және әлеуметтік жағдайының барлық жағын қамтиды.
Медициналық сақтандыру жүйесінде қандай медициналық қызмет көмектері жүргізіледі:
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі аясында ( ГОБМП)
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ( МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдарда)
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі аясында (ГОБМП, бюджет қаражатынан ) :
Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде жекелеген жағдайларда медициналық сан.авиация көмектері
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (ПМСП) , оның ішінде
-жиі кездесетін ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару
-халықтың нысаналық топтарын (балалар, ересектер) профилактикалық тексерулер
-иммундау (вакцинация);
-салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау
-репродуктивті денсаулық шаралары
-босанғаннан кейінгі кезеңде жүкті әйелдер мен босанған әйелдерді бақылау
-жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
Мамандандырылған амбулаториялық көмек, яғни :
-АИТВ инфекциясының және туберкулездің алдын алу және диагностикалау
-елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқтыратын аурулар кезіндегі және оларға күдік туындаған жағдайда сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшін мобильді топтың қызметтерін қоса алғанда, жарақаттар, улану немесе басқа да шұғыл жағдайларда көрсетілетін қызметтер
-әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау және емдеу
-динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды диагностикалау және емдеу.
Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек :
-әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу
-елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқтыратын аурулар бойынша және оларға күдік туындаған жағдайда, сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлығына үйде стационарлық қызмет көрсету
-динамикалық бақылауға жататын созылмалы ауруларды емдеу.
Стационарда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек:
1) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру жұқпалы немесе паразиттік аурумен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіпті инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауырады деп күдіктенген адамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
3) сақтандыру жағдайына қарамастан адамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішінде тәуліктік стационардың жедел жәрдем бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүзеге асыру;
4) жоспарлы түрде жүзеге асырылады
Медициналық оңалту:
1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастарға.
Паллиативтік көмек.
Мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық көрсеткіштер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.
Амбулаторлық, стационарлық және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.
Қазақстандықтарды шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емделуге шетелдік мамандарды тарту.
Дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, мамандандырылған медициналық мақсаттағы бұйымдармен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар, яғни МӘМС жарналарын тұрақты төлейтін және «САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтар қосымша төлемсіз медициналық қызметтердің КЕҢ ауқымын ала алады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне мыналар кіреді:
Амбулаториялық-емханалық медициналық көмек (ауруларды диагностикалау және емдеу), яғни :
• профилактикалық медициналық тексерулер (стационарда жатқандарды қоспағанда);
• МСАК дәрігерлерінің бағыты бойынша мамандандырылған мамандарды қабылдау және кеңес беру;
• созылмалы аурулары бар мамандандырылған мамандардың динамикалық бақылауы;
• халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету;
• диагностикалық қызметтер, оның ішінде тізім бойынша зертханалық диагностика;
• тізімге сәйкес басқа процедуралар мен манипуляциялар
Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда); сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқтыратын аурулар бойынша және оларға күдік туындаған жағдайда үйдегі стационар қызметтері.
Жоспарлы нысандағы стационарда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).
Тәулік бойғы стационарда емдеуді қажет етпейтін диагноз анықталғанға дейін тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың жедел жәрдем бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды қоса алғанда, шұғыл нысандағы мамандандырылған стационарлық көмек (бұдан басқа стационар шеңберінде ауруларды емдеу жағдайлары).
Медициналық оңалту.
Патологиялық анатомиялық диагностика.
Өлгеннен кейінгі донорды дайындау.
Дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету, МӘМС жүйесінде қарастырылған кезде, яғни:
• денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
• белгілі бір аурулары (жағдайлары) бар азаматтардың жекелеген санаттары үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық негізде алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған медициналық көмек.
Медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы – медициналық денсаулықтың ұдайы толықтырылуының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде оның рөлі салмақты. Медициналық сақтандырудың жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласынды нарықтық қатынас тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін — медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады.
А.ЕРКИБЕКОВА,
жалпы практика дәрігері