ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАМТЫЛДЫ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқынаЖаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын ұсынды. Сан саланы қамтыған Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыздың қажеттігін атап өтті Президент.
«Болашақта көш бастайтын мемлекеттердің бәсекеге түсу қабілеті дәл осындай дағдарыстар мен әргелі өзгерістер кезінде шыңдалады. Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуға тиіс. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаевтың көреген саясатының арқасында экономиканың дамуы үшін берік негіз қаланды», — деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз әлемдік аренада абырой беделге ие болды. Сондықтан әлемнің жаңа болмыс бітімі қалыптасқан шақта, біз реформаларға тың серпін беруіміз керектігін баса айтты.

Р.Жатқанбай , аудандық мәслихаттың депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.