ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты телевизиялық Жолдауын тыңдап, мемлекетіміздің алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарымен таныстық. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл Жолдауын негізігі 7 бағытқа бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Осы бағыттардың қатарында ауыл шаруашылық саласына да жекелей көңіл бөліп, «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы» деп саладағы өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары жөнінде жұмысты жандандыру қажеттігі жөнінде атап өтті.
Біздің Қордай ауданында ауыл шаруашылық саласы ауданның экономикасын сүйреуші салаларың бірі. Сондықтан да Президенттің Жолдауда да тапсырған тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға атсалысуымыз қажет.

Н. Молдабеков, Қордай ауданы әкімінің
ауыл шаруашылық саласы жөніндегі кеңесшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.