Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Жолдауда Мемлекет басшысы қазіргі таңдағы еліміздің үлкен сынақтан өтіп жатқанын тілге тиек етіп, карантин кезіндегі Үкіметтің көрсеткен қолдауларын атап өтті. Иә, бүгінде экономикасы қарыштап дамыған алпауыт мемлекеттердің өздері қиын-қыстау заманды бастан өткізіп жатыр. Осындай құбылмалы сәтте мемлекет халықтың алдындағы мінддеттерін орындағанын өз көзімізбен көрдік. Қаншама азамат ақшалай, заттай, азық-түлік түрінде көмек алды. Бизнес те айтарлықтай қолдауға ие болды.
Президент ауыл шаруашылық саласын дамытудың қажеттігін атады. Себебі, бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы деген сияқты. Біздің аудан тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысып жатқандығынан Президенттің осы мәселені көтеріп жатқаны өте қуанышты. Ел болып Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамаларын қолдайық! А.Ашимова, «Байнұр» ШҚ басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады
Prev Post