АУЫЛ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ

0

Бүгін Қарасу ауылдық округінің әкімі Р.Жасыбаеваның округ тұрғындары алдында 2022 жылы атқарған жұмыстарының есептік жиыны өтті.

Жиынға ауыл тұрғындар мен ардагерлер, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Урустемов арнайы қатысты.

Округ әкімі Р.Жасыбаева 2022 жылы ауылдық округтің атқарылған жұмыстардың барысы мен ағымдағы жылы қолға алынған жобалар жайын баяндады.

Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген газдандыру, ауылішілік жолдарды жөндеу, жарықтандыру және ауыз су мәселесі жайында жекелей тоқталып, шешілу жолдарын атап өтті.

Баяндамадан соң жарыссөзге шыққан Қарасу ауылдық округінің билер кеңесінің төрағасы Д.Айтбаев ауылдық округ әкімінің өткен жылғы есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың толықтай орындалғанын алға тартып, ауылдық округ әкімінің есебіне қанағаттанатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.