ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. ҚР Президенті Қ.Тоқаев айтпақшы, заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Шындығында, азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы азаматтардың мүддесін қорғау жолында мемлекетімізге үлкен міндеттер жүктейді. Әрине, азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда мемлекет басшысы Қ.Тоқаев құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктейді, бұл салаға реформа аса қажет екендігін тілге тиек етеді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуған шақта оның пайда болу себептеріне көбірек назар аударып, алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырады. Ендігі кезекте жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізгенді жөн деп санайды. Яғни мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі тиісті құқықтық негіз қалыптастыратын қоғамдық бақылау институтының рөлін күшейту керектігін баса айтады. Ол үшін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырады.
Transparency International рей¬тингінде Қазақстан жемқорлық бо-йынша 180 мемлекеттің ішінде 113-ші орынға жайғасқан шақта
мем¬лекет басшысы атап көр¬сет¬кендей, қоғамның жегіқұртымен күрес жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сон¬да ғана азаматтардың мүддесін қорғау жолында әділетті мемлекет, адал қоғам құруға болады!
Дамира Сүгірбай, «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.