АРДАГЕРЛЕР НАЗАРЫНА

0

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қордай аудандық ардагерлер кеңесі жанында аудандық Билер кеңесі, Аналар алқасы, Әкелер кеңесі жұмыс істейді. Кестеге сәйкес, апта сайын, (10.00-ден 13.00-ге дейін) толғандырып жүрген мәселелерді шешуге көмектесу үшін тұрғындарды қабылдау жүргізеді.
1. Әлімбет Біржан Әбдікерімұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – дүйсенбі;
2. Сегізбаев Дүкенбай Рыспекұлы – аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – сейсенбі;
3. Молдабеков Нұржан Смағұлұлы- аудандық билер кеңесінің төрағасы – сәрсенбі;
4. Молдабекова Маржан Қалибекқызы – аудандық «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы – бейсенбі;
5. Байшымыров Болар Нұрдавлетұлы – аудандық әкелер кеңесінің төрағасы – жұма.
Қабылдау аудандық ардагерлер кеңесінің ғимаратында жүргізіледі. Жібек жолы-Ноғайбай көшелерінің қиылысы (бұрынғы әскери комиссариат).

АРДАГЕРЛЕР НАЗАРЫНА!
2023 жылдан бастап ардагерлер үшін Қазақстан аумағындағы санаторийлер мен курорттарға емделуге мүмкіндік туып отыр. Осы мақсатта Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №80-5 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес, Қағида бекітіліп, бюджеттен қаражат бөлінді.
Шипажайлық-курорттық емделуге жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек және тыл ардагерлері бара алады. Оған кіріс көздері ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2023 жылдың 1 тоқсанына кедейшілік деңгейі 43343 теңге) аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш (138000 теңге) негізінде көрсетіледі.
Аталған әлеуметтік көмекті алу үшін отбасының есепке алынатын табыстарға: еңбекақы, бір жасқа дейінгі жәрдемақы, жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы (зейнетақы), асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы қарап отырғандығы бойынша жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (көп балалы ана), алимент және жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс кіреді.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмектің барлық түрлері Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.
Ардагерлер курортқа өз ақысына барып келетінін ескеру керек. Келген соң көрсетілген құжаттарына сәйкес емделу ақысы төленіп беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекенжайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті әкімдікке және аудандық ардагерлер кеңесіне қайырылуға болады (байланыс тел. 2-11-92).

Қордай аудандық ардагерлер кеңесі

Leave A Reply

Your email address will not be published.