МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

0

Құрметті қордайлықтар!
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және оны ұйымдастыру тәртібі, негізінен, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң талаптарымен реттеледі.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Рес-публикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi. Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
Әскерге шақырудан босатылатын азаматтарға келесілер жатады:
— Денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған, 27 жасқа толғандар;
— әскери қызметті атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, ағасы немесе әпкесі) қаза тапқан, қайтыс болған немесе I немесе II топтағы мүгедек болған адамдар;
— басқа мемлекетте әскери (балама) қызмет атқарғандар;
— ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарғандар;
— білімі туралы растайтын құжаттарды ұсыну кезінде ғылыми дәрежесі бар азаматтар;
— діни бірлестіктерде тіркелген діни қызметкерлер;
— мемлекеттік органдарда қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін азаматтар
— мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық қызметкері;
— егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылы-ғында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар;
— оқу жылы кезеңіне күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері;
— күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылар;
— әскери міндетті әйелдер;
Запасқа шығарылғаннан кейінгі екі жылдың ішіндегі әскери мін-деттілер;
— 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар азаматтар;
— өздеріне қатысты алдын ала тергеу немесе қылмыстық іс жүргізіліп жатқан азаматтар;
— ҚР Парламентінің немесе жергілікті билік органдарының депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;
— соттылығы бар азаматтар.
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.
Бұл ретте, әскери қызметтен жалтару Қылмыстық кодекстің 387-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады, онда 1000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген.
Құрметті ауыл тұрғындары, жоғарыдағы заңнамалар талаптарын түсіндіре отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны аясында уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, Отан алдындағы әскери борыштың әрбір азамат үшін парыз және міндет екенін естен шығармауды сұраймыз.
Қордай ауылдық округі әкімінің аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.