Қазіргі заман бұл электронды-технологияның дамыған кезеңі. Сот жүйесің даму барысында «Сот кабинеті» сервисі пайда болды.
«Сот кабинеті» — бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе, сот ісін жүргізу, жеңілдету, азаматтар үшін сот жүйесіне қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Осы сервистің көмегімен азамат, адвокат тұлғалардың және заңгерлерге өте тиімді, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжаттарын, істің жүру мәртебесін, сонымен қатар сот актілерін көруіне және басып шығаруына болады. Жеке тұлға «сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет(ЭЦҚ). «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап арыздар соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысал келтіретін болсақ, азамат немесе заңды тұлға өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкерлері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерлеп өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. «Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік БАЖ салығын төлеуді онлайн түрде жүргізуге болады. Айтып өтетін жайт, ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді.
Сот жүйесі қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді. «Сот кабинеті» сервисін қолдану тәртібіне келетін болсақ, мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows құрылғыларында бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетсе жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөміріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді. Сот кабинеті сервисінде пайдаланушыларға «көмек» көрсету батырмасы орналасқан. Сот кабинеті сервисінің веб-нұсқасында және мобильдік қосымшасында жаңалықтар, істерді қарау тізімдері, тапсырылған құжаттар, хабарландырулар, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі және чат сервисі орналасқан. Сонымен қатар, сот кабинеті сервисінде «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескерулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш жолдау интерфейсі орналасқан.
Б.ЖОЛДАС, Қордай аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы