ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚОНЫС АУДАРУ

0

Қазақстан Республикасында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын» іске асыру жалғасуда. Бағдарлама аясында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында азаматтардың өз еркімен қоныс аударуына ықпал етуге жәрдемдесу қарастырылған. Өңіраралық қоныстандыру жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші тапшы аймақтарға жүргізіледі.
Ерікті өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
1) қоныс аударуға субсидиялар беру;
2) тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарды өтеу;
3) жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу.
Қосымша және толығырақ ақпарат алу үшін Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3 мекенжайы бойынша Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңызға болады. Тел.: 4-84-96.

Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.