ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Өткен жұмада «AMANAT» партиясының Қордай аудандық                       мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

 

Жиынның күн тәртібіне екі мәселе шығарылып, оның біріншісі бойынша, яғни Сарыбұлақ ауылдық округінде егін жинау   жұмыстарына дайындық   және   мал   азығын дайындау барысы туралы Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі Бахтияр Абенов баяндама жасады. «Биылғы жоспар бойынша 6106 га масақты дақылдарды ору жоспарланып отыр, оның ішінде 3437 га күздік бидай, 2669 га жаздық арпа. Егін орағына округ бойынша барлығы 18 астық комбайны, 30 автокөлік және 58 трактор тіркемелері жұмылдырылған. Астық қабылдауға 2 қырман, 4 автокөлік таразысы, 2 тұқым тазалағыш қондырғылар дайындық сапына қойылды. Бүгінгі күнге егін жинау жұмыстарын шілде айының басында бастау жоспарлануда. Егін орағын ойдағыдай өткізуге барлық жағдай жасалған. Округ бойынша мал азығын дайындау үшін жалпы 3906 га шабылды, оның ішінде көпжылдық шөп 3000 га, 906 га табиғи шабындық шөп. Бүгінгі күнде шабылғаны – 3700 га. Жұмыстар әлі жалғасуда»,-деп атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар турасында есеп берген ауыл әкімі биыл ауа райының қолайсыздығына және суғармалы судың жетіспеушілігіне байланысты жеткілікті мөлшерде өнім алынбау қауіпі бар екенін де жеткізді.

Келесі кезекте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және азаматтарды қабылдау бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің басшысы Шынар Досымбекованың есебі тыңдалды. «Қордай ауданы әкімдігіне 2023 жылдың  5 айының қорытындысына сәйкес  жеке және заңды тұлғалардан 2561 жолданым түскен. Оның ішінде арыз саны – 2114, шағымдары – 37, басқа да өтініштер – 410. Жыл басынан аудан әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 227 азамат (оның ішінде аудан әкімінің қабылдауында 135) қабылдауда болды. Ауызша қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй алуға ықпал ету туралы, әлеуметтік мәселелер, жер мәселелері, жұмысқа орналасу, азаматтық алу сынды сұрақтармен келген»,-деді кеңсе бөлімшесінің басшысы. Жиын барысында фракция мүшелері баяндамашыларға сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін айтты. Фракция отырысының соңында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.