Өрт – тілсіз жау. Оны алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас. Егер, сіз аяқ асты осындай жағдайға душар болсаңыз, не істейсіз? Өз-өзіңізді, туыстарыңызды қалай қорғайсыз? Міне, бүгінгі жазбамыз «тілсіз жаудан қалай қорғану керек?» деген сұраққа жауап береді. Алдымен өрттің шығуына себеп болатын жайттарға тоқталайық:
Бірінші – қоқыстың жануы. Жеке үйдің жанында қоқыс пен құрғақ шөптің жиналуына жол бермеңіз.
Екінші — монша. Негізгі себеп-төбенің жануы, пештің қызуы және шатырдағы мұржаның қызуынан болып табылады. Пеш жағу кезінде пешті бақылаңыз, бу бөлмесінің тақтайларын үнемі өзгертіңіз. Егер ағаштары сұр болып, қарайса, бұл өрттің боатынының нақты белгісі. Мұржаны мұқият оқшаулаңыз. Пештің төбесін металлмен жауып, құбыр мен еденнің ағаш элементтері арасында құм, жылу кедергісін жасаңыз, сонымен қатар пеш пен бу бөлмесінің қабырғасы арасында құм төсеңіз.
Үшінші — саяжайлар. Саябақтарда кәуап қуырылады, шөптер, қоқыстар жағылады, монша жағады, сонымен қатар алкогольді ішімдіктер қолданылады. Өрттің себебі-отты абайсыз қолдану.
Төртінші — сым. Біздің пәтерлерде электр аспаптары 30-40 жыл бұрынғыдан он есе көп. Ол кезде көптеген тұрғын үйлер салынды. Сол кездегі сымдар заманауи жүктемелерге төтеп бере алмайды. Кір жуғыш машина мен электр шәйнек пен микротолқынды пештің қанша электр күшін жұмсайтынын білесіз бе? Сіздің пәтеріңіздегі сымдар қандай жүктемені көтере алады?
Бесінші — адамдардың назарынан тыс қалу. Пеште қалған тамақ, сөндірілмеген темекі, электр жылытқыштарында кептірілген заттар және т.б. Әдетте, бұл жағдайлар үнемі ішетін пәтер иелерінің үйлерінде болады.
Алтыншы — балалар ойыны. Өртеген қоқыс шелегі немесе қоқыс жәшігі, терек мамығы болуы мүмкін, солардың салдарынан біреулердің сарайлары өртеніп кетуі мүмкін. Ондай жағдайлар көп кездеседі. Ол үшін не істеу керек? Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет!
Жетінші — өртеу. 75% өртеу ниеті мас болу салдарынан туындайды. Өртеуді әдетте, жәбірленушілермен байланысты адамдар жасайды. Егер ересек адам емес, бала өртеген болса? Бұл жағдайда ата-аналар балалардың қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, өрттен келтірілген материалдық залал үшін әкімшілік тәртіппен жауап береді.
Өртті сөндіруден гөрі, оның алдын алу жеңіл екенін ұмытпаңыз. Осы ретте өзіңізді және жаныңыздағыларды тілсіз жаудан қорғап қалуға көмектесетін бірнеше кеңес береміз.
Өртенген заттың иісі немесе түтіннің пайда болуы – басталған өрттің алғашқы белгісі. Ең алдымен, өз-өзіңізді қолыңызға алып, уайымдамауға тырысыңыз. Өрт сөндіру диспетчеріне қоңырау шалып, мекен-жайыңызды айтыңыз. Егер, өрт сөндірушілер келгенге дейін өртті сөндірсеңіз, сіздің қоңырауыңыз «жалған қоңырау» болып есептелмейді. Өрт сөндірушілер өрт болған орынды тексеріп, келесі жолы бұндай жағдай болмас үшін оның шығу себептерін анықтайды.
Жаңа ғана басталған өртті өз күшіңізбен, су, жамылғыш, өртсөндіргіш арқылы тоқтатуға болады. Егер, ыңғайыңызға көнбесе, дереу қашып, кәсіби мамандарға жүгініңіз.
Егер, үйіңіз өртке оранса, үйдің ішінде қалмауға тырысыңыз. Мүмкіндік болса, тоқ көзін, газды өшіріп, есік-терезені жабыңыз. Есікті мұқият бітеп жауып, сыртқа шығып, көршілерге де хабарлаңыз. Үйден шыға бере баспалдақта ешқандай өрт болып жатпағанына көз жеткізіңіз.
Егер, міндетті түрде тысқа шығатын болсаңыз, есікті ақырындап ашыңыз, әйтпесе, оттегінің әсерінен жалын шарпып өтуі мүмкін. Лифтке мүлдем мінбеңіз, бұл өте қауіпті және сіздің мүмкіндіктеріңізді шектеп тастайды.
Егер, үйден шыға алмай қалсаңыз, түтін жоқ жерді тауып алыңыз. Жасырынған жеріңізді герметикалап (герметикалау — ғимаратардың сыртқы қабырға панельдерін полимер кұрамды затпен бітеу), барлық саңылауларды қолыңызда бар заттармен (сулы болғаны дұрыс) бітеңіз, терезені ашпаңыз. Ашық тұрған терезе оттегінің тұтанып, өрттің өршуін үдетеді. Су алуға мүмкіндігіңіз болса, есік-терезені, айналаңызды дымқыл шүберекпен сулап, сүртіп отырыңыз.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі