Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-02, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Аудан аумақтарында орналасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын, көлік және жол ұйымдарының, олардың материалдық-техникалық базаларын жаңартудың және нығайту мәселелері мен ұйымдардың және кәсіпорындардың қуаттылығын тиімді пайдалану қызметтеріне талдауын жүзеге асыру. Ауылдық округтер әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және бақылау жасау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Автомобиль жолдары бойынша мемлекеттік бағдарламасын және жол ұйымдарына көмектесу бойынша, сол саладағы қызметшілердің жұмыстарының аудандық деңгейінде орындалуын жүзеге асыру. Инфрақұрылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына, Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасына, Өңірлерді дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу үшін ақпарат жинауды, сондай-ақ дайын жобаны мемлекеттік сараптамадан өтуге және алуға қадағалау. Сондай-ақ, дайын жобаларға қаржыландыру үшін жауапты облыс басқармасына бюджеттік өтінім беру. Автожол саласындағы аудан бойынша жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқару. Маусымдық аудандық, облыстық автожолдарды күтіп ұстау, аудандық маңызы бар автожолдарда жүргізілетін күрделі, орташа және ағымды жөндеу жұмыстарын қадағалау. Жұмысты жоспарлау, аудан аумағындағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан аумағына тиісті шекте, жалпы пайдаланатын автокөлік жолдарының сапасын арттыру және оның даму бағдарламасын жүзеге асыру. Аудан көлеміндегі жалпы пайдаланылатын жолдардың құрылысын, олардың сақталуын, дұрыс орналасуын бақылау. Аудандық бағыттағы жалпы пайдаланатын автокөлік жолдары жүйесі мен мемлекеттік өкілетті органдардың арасындағы байланысты жетілдіруді ұйымдастыру. Елді мекендер арасындағы қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру. Аудандағы елді мекендерінің арасындағы жүргізілетін жолаушыларды мінгізіп және түсіретін орындардың дұрыс белгіленуіне, сақталуына, жолаушы көліктерінің белгіленген кесте бойынша жүруіне бақылау жасау. Төтенше жағдай туындаған кезде уақытша тасымалды тоқтату туралы шешім қабылдануға ұсыныс енгізу. Аудандық мәндегі, ауданға қарасты елді-мекендер ішіндегі автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелерімен, жолаушыларды және багажды тасымалдауды ұйымдастыру, көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарымен айналысу. Лауазымдық міндеттер бағыты мен қызметтік міндеттеріне бекітілген мәселелер бойынша бөлім басшысына ақпараттар, анықтамалар, талдаулар әзірлейді, міндеттер шегінде ұсыныстар және аудан әкімдігінің қаулы жобаларын әзірлеу, мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың, жоғары тұрған органдардың нормативтік актілерінің, бөлімге келіп түскен хат-хабарлардың орындалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеуге қатысу, сәйкесінше құрылған комиссия, штаб жұмыстарын жүргізу және тиісінше жинақ папкаларын түзету. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Аудан әкімі мен облыс әкімдігі басқармалар басшыларымен келіскен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автожолдар үлесі индикаторының уақтылы орындалуын, ақпарат жинауды, деректерді өңдеуді қадағалау. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру. Тоқсандық, жылдық есептілікті тапсырады. Бөлімге қарасты мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы қөрсетуді бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасындағы «Жол жүрісі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың өтініштерін мен сауалдары, оларды қарау жөніндегі құжаттарды анықтамалар, мәліметтер, хат алмасу және басқа құжаттарды қарап дайындайды. Жамбыл облысы әкімі аппаратымен және Қордай ауданы әкімдігінің аппаратымен және бөлімдермен хат алмасу. Аудан аумағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорының ұлғайтуына жұмыс жүргізу, олардың сақталуын қадағалау, тұрғын үй қорын түгендеу. Жаңа соғылған жеке тұрғын үйлерді қабылдау комиссиясына ұсыныс жасау, оның жұмысына қатысып отыру. Тұрғын үй құрылыстарын коммуналдық тұрғын үй қорына алу. Тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке алу жұмыстарын ұйымдастыру. Коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлердің жағдайына бақылау жасау. Жеке және коммуналдық тұрғын үйлерге (пәтерлерге) қатысты мәселелер бойынша сот ісіне қатысу. Тұрғын үй комиссиясы отырысын өткізу, хаттамалау, рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Аудан аумағында тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту бағдарламаларын орындау мақсатында мекеме-ұйымдарымен, ауылдық округтер әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жолдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру. Аудан әкімімен, облыс әкімдігінің басқармаларының басшыларымен келіскен индикаторларды уақтылы орындайды. Ауданда көктемгі-күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық екі айлықтарын ұйымдастыру, штаб отырыстарын өткізу. Ауданда халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын қызметін талдау. Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды жариялау бойынша жұмысты жүргізеді. Жамбыл облысы әкімінің, Қордай ауданы әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларын мерзімде орындау жұмыстарын жүргізеді. Қаражаттық қызметті бақылау. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру, төлемақы құжаттарын рәсімдеу және тіркеу, бюджеттен қаражатты аудару үшін жинақтау рұқсаттарды тіркеу және рәсімдеу. Кіріс түсімдерін есептеу, басқа ұйымдармен есептер бойынша операция жүргізу.Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуына және оның жоғарғы деңгейде орындалуына жауап береді.Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуына есеп беру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Құжаттарды дайындау және жеңімпаздарымен келісім шарт жасау. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз міндеттері шегінде материалдар, ақпараттар дайындау.Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Тоқсандық, жылдық есептілікті тапсырады. Бөлімге, секторға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару немесе машина жасау немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе көлік құрылысы немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасындағы «Жол жүрісі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Автомобиль жолдары туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, 01-02, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларын жүзеге асырады. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында берілген міндеттерді және нысаналы индикаторлардың орындалуын жүзеге асыру. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізуді ұйымдастыру. Тілдерді оқыту орталығымен бірлесе өңір және салалар бойынша мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқып-үйрену мен дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Аудан аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн жұмысшы топтың құрамын бекітіп, жұмысшы топ отырыстарының жұмысын үйлестіру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен, атқарушы органдармен, ұйым-мекемелермен өзара әрекет жасау.Тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясаты халыққа жеткізу, әртүрлі іс-шаралар, байқаулар, сынақтар, фестивальдар ұйымдастыру. Мемлекеттік тілде құжаттарды дайындайды. Көше атауларын, аншлагтарды, мекеме атауларының мемлекеттік тілде дұрыс жазылуын қамтамасыз ету. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарға мерзімінде жауап қайтару. Бөлімге жүктелген тапсырмаларды мерзімінде орындау, мекеменің бақылауындағы құжаттарды уақытында орындауын қамтамасыз ету. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзіреті шегіндегі мәселелер бойынша материалдар, ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімге жүктелген өзге де міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Педагогика және психология немесе музыкалық білім немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе халықаралық қатынастар немесе мәдениеттану немесе кітапхана ісі немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе мәдени-тынығу жұмысы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы тарапынан берілген тапсырмаларын жүзеге асырады. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдық көрсеткіштерін салыстырмалы түрде орындау. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Қордай ауданының әкімі арасындағы келісім бойынша: облыс халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейін анықтау. Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты халыққа жеткізу, мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру және оны тұрғындар арасында жүзеге асыру, әртүрлі байқаулар, сынақтар, фестивальдардың өткізілуін қамтамасыз ету. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспарын құру. Аудандық, ауылдық мәдениет үйлерімен, аудандық, ауылдық кітапханалармен, музейлермен тікелей байланыста болып жұмыстарын үйлестіру.Мәдени-ағарту мекеме мамандарының еңбек тәртібінің жай-күйіне бақылау жүргізу. Қаражаттық қызметті бақылау. Бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру, төлемақы құжаттарын рәсімдеу және тіркеу, бюджеттен қаражатты аудару үшін жинақтау рұқсаттарды тіркеу және рәсімдеу. Кіріс түсімдерін есептеу, басқа ұйымдармен есептер бойынша операция жүргізу.Бухгалтерлік құжаттарға, кассалық және материалдық шоттарына, бухгалтерия жұмыстарының сапалы және уақытылы орындалуына және оның жоғарғы деңгейде орындалуына жауап береді. Аналитикалық есеп жүргізу, есептегі қалдықтарды бақылау, жинақ қаржыландыру жоспарының төлемдер мен міндеттемелерін орындалуына есеп беру. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Құжаттарды дайындау және жеңімпаздарымен келісім шарт жасау. Бөлімнің кадрлық және іс-жүргізу жұмыстарын, бөлім қызметкерлерінің (келісім-шарт бойынша) жеке іс құжаттарын, еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау. Істер номенклатурасын әзірлеу және мұрағатқа істерді дайындап, өткізуге құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарға мерзімінде жауап қайтару. Бөлімге жүктелген тапсырмаларды мерзімінде орындау, мекеменің бақылауындағы құжаттарды уақытында орындауын қамтамасыз ету. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзіреті шегіндегі мәселелер бойынша материалдар, ақпараттар дайындау.Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімге жүктелген өзге де міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: Педагогика және психология немесе музыкалық білім немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе халықаралық қатынастар немесе мәдениеттану немесе кітапхана ісі немесе экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе мәдени-тынығу жұмысы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексін» және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-3, 1 бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, аудандық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлеу, бекіту және жүргізу. Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру жұмысын атқару. Аудандық бюджет бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу. Мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың жиынтық жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, төлемдер мен міндеттемелердің жиынтық жоспарын қазынашылық басқармасының базасына электрондық енгізу. Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру. Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес жылдық, тоқсандық, айлық есептерді және мәліметті дайындау. Мекемелер бойынша штаттық саны және еңбек ақы қоры туралы есеп құрып, қаржы басқармасына уақытылы өткізу. Мекемелер бойынша ағымды бюджет және күрделі (даму бюджеті) шығындар туралы есептер. Аудандағы ауыл округ бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлігін орындалуына мониторинг жасау, мәліметті қаржы басқармасына ұсыну. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі туралы мәліметті әзірлеу («Ауыл ел бесігі», «Жұмыспен қамтудын жол картасы», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалар бойынша қаражаттың орындалуын бақылауда ұстау). Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау.Облыстық, аудандық хаттамалық тапсырмаларды орындау. Жоғарғы органдардан келіп түскен құжаттармен, бақылауда тұрған құжаттардың уақытылы орындауға. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Басшының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімге, секторға жүктелген өзге де міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика немесе құқықтану.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Қазақстан Республикасының «Еңбек», «Бюджет» және «Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер туралы» Кодекстерін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізу. Бөлім арқылы бюджет есебінен жаңадан салынатын құрылыс нысандарына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаны әзірлеп, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына «elicense.kz» порталы бойынша электронды түрде тапсыру. Бюджеттік құрылыс нысандарының Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға қажетті бастапқы материалдарды өз кұзыреті шегінде дайындау. Бөлім мен мердігерлер және жобалаушы ұйымдар арасында құрылған келісім-шарттар бойынша құрылыс жұмыстарының орындалуын қадағалау. Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі жұмыстарын өз міндеттеріне қатысты үйлестіру. Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзыреті шегінде сәулет, қала құрылысы мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шығымдарға мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау және басқа материалдардың дайындалуын жүзеге асыру. Кіріс-шығыс құжаттарының уақытылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген, бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді өзге де функцияларды жүзеге асыру. Белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан жеке меншігіне және ведомстволық қарамағына қарамастан мемлекеттік мекемелерден ақпарат алу. Бөлімнің архивын жүргізу. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Тоқсандық, жылдық есептілікті тапсырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы:Графика немесе мүсін немесе дизайн немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе сәулет немесе геодезия және картография немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-04, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарының, жоғарғы органдарынан түскен заң актілерінің, шешімдерінің, қаулыларының және өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарады.Сәулет қала құрылысы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тәжірибелік көмек көрсетеді. Аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында стратегиялық дамуды жүргізу және құру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Қордай ауданы аумағындағы мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мәліметтер мен ақпараттарды жинақтау, өңдеу және өзектілеу іс-шараларын атқарады.»Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес қызмет беру. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес қызмет беру.»Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес шешім беру.Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне дейінгі жұмыстарын өз міндеттеріне қатысты үйлестіру. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға мерзімінде мәлімет даярлау. Бөлім жұмысын жоспарлау және жоспарланған жұмыстардың орындалуын қадағалау. Бөлім құзыретіндегі сұрақтар бойынша ҚР Президентінің Жарлықтарын, шешімдердің, өкімдерінің, ҚР Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің қаулыларының орындалуын және олардың орындалуы туралы мәліметті өз уақытында тапсырылуын қадағалау. Бөлім қызметінің барлық бағыттарындағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру. Жыл басынан бекітілген құрылыс жұмыстары көлемінің және пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің индикаторларын орындау.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен жылжымайтын мүлік объектілеріне пайдалануға қабылдау актілерін алып, тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексеру және оны есепке алуды жүргізу.Сәулет және қала құрылысы саласына байланысты аумақты дамыту бағдармасын дайындау. Ай сайын жеке меншік тұрғын үй құрылысы статистикалық есебін жүргізу. Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды ұсыну және «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі бойынша жұмыс атқару.Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі бойынша жұмыс атқару. Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде мәлімет даярлау. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Тоқсандық, жылдық есептілікті тапсырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Графика немесе мүсін немесе дизайн немесе экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе автоматтандыру және басқару немесе материалтану және жаңа материалдар технологиясы немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе сәулет немесе геодезия және картография немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе жерге орналастыру немесе кадастр немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, ҚР Еңбек Кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.