ТАРАЗДА ФУТБОЛ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

0

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласы орталық стадионында өткен “Freedom QJ” лигасы 15 турының орталық матчының салтанатты шарасына қатысты.

Спорт күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада алдымен еліміздің эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

Аймақ басшысы көпшілікті мерекемен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

— Бүгін Тараз төрінде Freedom компаниясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Freedom QJ League» турнирінің кезекті ойыны еліміздің «Спорт күніне» орай ұйымдастырылғаны зор мәртебе. Біздің басты мақсатымыз – бұқаралық спортты дамыту және кеңінен насихаттау.

Өйткені, спорт өмірге шыңдайды, еңбекке баулиды, шеберлікке үйретеді, татулық пен достыққа үндейді, — дей келе Нұржан Нұржігітов облыстың спорттағы жетістіктері мен салада атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

Өз кезегінде ҚР футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов, Freedom QJ жасөспірімдер футбол лигасы президенті Рохус Шох, Грекиядан арнайы келген Тараз футболының ардагерлері Зурначиди Георгий, Хутиди Георгий және өзге де құрметті қонақтар сөз алып, орамды ойларын ортаға салып, лиганың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, QJ лигасының демеушісі, кәсіпкер Тимур Турловтың қатысуымен тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Шара барысында жергілікті мұқтаж отбасыға «Харекет» қорының кезекті баспана кілті табысталды.

Жиналғандар “Тараз”-“Қайрат” командалары арасындағы тартысты футбол ойынын тамашалады.

Түрлі ұтыс ойындары ойнатылып, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Freedom QJ League – Қазақстанның кәсіпқой футбол клубтарының жасөспірімдер командалары арасында өткізілетін чемпионат. Жеңімпаз еліміздің намысын УЕФА Жасөспірімдер лигасында қорғауға мүмкіндік алады.

2023 жылы чемпионатта 2006 жылы туған жасөспірімдерден құралған үздік 12 команда бақ сынауда.

2025 жылы QJ League барлық облысты қамтуға ниетті және сол кезде қыздар лигасының жұмыс бастауы да көзделуде.

 

Жамбыл облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.