Президент Қ.Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығы негізінде «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі облыстық комиссия» құрылып, жұмысын бастап кетті.
Жұмысты әр тараптандыру мақсатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жанынан 4 кіші жұмысшы тобы құрылды.
«Саяси қуғын-сүргін кезіндегі түрлі зорлық-зомбылық, саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған босқындарды, дәстүрлі дін өкілдерін зерттеу жөніндегі» кіші жұмысшы тобының алға қойған мақсаты – Әулиеата өңірінде 1920–1953 жылдардағы қуғынға ұшыраған дін өкілдерін, діни орындарды анықтау, нәубет жылдары аштықтан қайтыс болған адамдардың жерлеу орындарын нақтылау және жетім қалған балаларға арналған балалар үйлері мен тәрбиеленушілердің тағдыры туралы архив қорларына зерделеу жұмыстарын жүргізу.
Өздеріне жүктелген жұмысты атқару барысында Жамбыл, Түркістан облыстарының, Алматы қаласындағы мемлекеттік және Президент архивтерінде тақырыпқа сай сақталған қорларға зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жамбыл облысы құрылғанға дейін, яғни 1939 жылға дейін облыс Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамында болған. Ал архивтік құжаттарда Әулиеата бойынша аталмыш екі облыстың жалпы статистикасы беріліп отырады. Нақты ақпаратты бөліп алу қиындығы туындауда. Сонымен қатар топ мүшелері ашаршылық жылдарындағы жерлеу орындарын анықтау және ел жадында сақталған нәубет жылдарына қатысты материалдар жинау мақсатында облыс көлемінде елді мекендерді аралап көнекөз қарттармен, өлкетанушы-тарихшылармен кездесулер ұйымдастырды.
Ашаршылық қазақ даласына кеңестік биліктің орнауымен қатар келді десек артық болмас. Кеңестік жүйедегі мемлекеттік экономиканы қалыптастыру саясатында кеткен қателіктермен қатар асыра жоспарлау және жоспарлы экономиканы таңдау халықтың әл-ауқатын төмендетіп жібергені белгілі. Сондай-ақ азамат соғысы да елдің еңсесін төмендеткен болатын.
Ашаршылықтың алғашқы белгілері 1921 жылы біліне бастағанымен 1922–1923 жылдары Ресейдің оңтүстік аумағында, Украина мен Қазақстанның солтүстік аумақтарында ашаршылық жалпы белең алды. Ашаршылыққа қатты ұшырағандар қарапайым шаруалар мен жатақтар болды. Халық азық-түлік іздеп, ішкі өлкелер мен басқа көршілес елдерге жаппай көше бастады.
Нәубет жылдардың (1921–1923 жж, 1932–1934 жж.) қиындықтары мен қасіретін көп тартқан балалар болды.
1923 жылы Сырдария облыстық халық ағарту бөлімі, инспекция бөлімі төмендегідей ақпарат береді: «Ввиду того, что 1921, 22 году, вследствие голода, дети частично были переданы местному населению на содержание- «в дети» и токовые в списки по рэвакуации дети не попали, так как не жили в учереждениях Н.К.П. Потому областная инспекция пологает, что списки должны быть увелечены на 25% и необходимо широко оповестить всех об эвакуации.
Списки храниться в областном Инспекции.
План рэвакуации следующии:
- Очередь – гор. Ташкент, Ташкентскии уезд и Мирза-Шульскии уезд.
- Очередь – Аулиеатинские и Чимкентские уезды.
- Очередь – Туркестанские, Перовские и Казалинские уезды».
Аталған өңірлерден тізім бойынша рэвакуацияға ілінген балалардың жалпы саны 2029 (осыған 25% тізімге ілінбеген балаларды тағы қосса, 507 бала, барлығы 2 536 бала).
Олар 1923 жылы 27 маусымда Самара губерниясына – 786, Орынбор губ. – 483, Саратов губ. – 42, Қазан губ. – 139, Сибирь. губ. – 27, Челябинск губ. – 36, Москва губ. – 60, Нижный-Новгород губ. – 27, Рязань губ. – 19, Уфа губ. – 60, Орал губ. 56, Торғай губ. – 41, Омск губ. – 23, Воронеж губ. – 25, басқа да губернияларға 160 бала кері қайтарылған. Соның ішінде Әулиеата уезіндегі балалар үйі мен жекелеген тұрғындардың қолында тәрбиеленген 741 бала болған (Түркістан облыстық архиві 160-ф. 27-тіз. 396-іс. 5-бума).
Себебі 1921–1922 жылдары ашаршылық кезінде Еділ бойында, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аудандарында болған қатты ашаршылықтан зардап шеккен халық оңтүстікке қарай Қазақстан мен Өзбекстанның аумағын бетке алып үдере көшкені белгілі. Балалар Комиссиясы ашыққан балаларды осы өңірлерге әкеліп, уездер бойынша балалар үйлері мен жеке тұрғындарға бағу мақсатында таратқан болатын.
Жалпы, Қазақстандағы ашаршылық жайлы айтылғанымен, балалардың тағдыры туралы ақпарат жоқтың қасы. Жоғарыдағы берілген ақпараттарға қарай отырып жиырмасыншы жылдардың басында Әулиеата уезінде жетім балалардың арнайы үйі болғандығын аңғаруға болады.
1926–1927 жылдары Әулиеата қалалық-уездік Балалар комиссиясының отырыстарында балалар үйінің материалдық жағдайын жақсарту және қараусыз жүрген (безпризорник) балалармен жұмыс жүргізу туралы мәселелер қаралған. Бірақ та балалар үйінің саны мен тәрбиеленушілер туралы ақпарат кездеспеді.
Голощекиннің 1925 жылы «Қазақстанда «Кіші октябрь революциясын» жасау керек» деген қажетсіз саяси көзқарасымен қатар Қазақ даласында 1927–1928 жылдары жаппай ұжымдастыру (колхоз құру) шарасының қарқын алуы, дін өкілдерін ашық қудалау, бай-кулактардың және орта шаруалардың мал-мүлкін тәркілеу (асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын), қазақ халқын өзінің негізгі шаруашылық жүргізу тәртібінен айырудың салдары отызыншы жылдардың ашаршылығына әкеліп соқтырғандығы тарихтан белгілі.
Қазақстанның атқарушы билігі 1931 жылдың бірінші жартысы мен 1932 жылдың наурызына дейін елдегі ашаршылықтың белең ала бастағаны туралы орталық комитетке ақпарат бермеуге тырысқан, негізгі себеп – орталықтың берген экономикалық жоспарын орындау.
Билік халықтың қаншалықты ашыққанын жасырғанымен қазақтың зиялы қауымы нәубеттің алдын алу, бетін қайтару үшін қаншама күш салғанын білеміз. Қазақстанды ашаршылық жайлағаны туралы және Ресей Федерациясының Еділ бойына, Батыс Сібірге, Қырғызстанға, Өзбекстанға қарай халықтың ағылғаны туралы ақпараттар тарай бастайды.
Елдің қалалық аймақтарына босқындармен қатар қараусыз балалардың көптеп ағыла бастағанын, балалар үйі мен қараусыз қалған балаларға қатысты қолда бар архивтік құжаттарға сүйенер болсақ:
(Алматы. Мемлекеттік архив. 5-қ. №21 тізбе. №84-іс)
МОЛНИЯ СЕКРЕТНО МОСКВА ДЕДКОМИССИИ ВЦИК
Связи резким продовольственным затруднением крае имеется большой наплыв города беспризорных голодающих детей требуется срочная особая помощь настаеваем немедленном отпуске нам этой цели минимум двести тысяч телеграфьте.
ЗА ПРЕДКАЗЦИКА ДЖАНГИЛЬДИН
______________________________
«25 марта 1932 года гор. Алма-Ата Дом Правительства, КЦИК.
Счет № 250 Гос объединение Деткомиссии.
Балалардың аштыққа шалдыққаны туралы Қазақстаннан Мәскеуге шыққан алғашқы телеграмма негізінде жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізе келе, 1932 жылы 27-мамырда қараусыз қалған балалардың тағдырын шешкен орталықтың №6 құпия протоколы толтырылады.
Протоколдан үзінді:
Секретно
ПРОТОКОЛ № 6
Заседания Президиума Деткомиссии при ВЦИК
от 27 мая 1932 г.
Приемствована: Члены Пленума и Президиума Деткомиссии при ВЦИК
т.т. Семенко, Санченко, Аранович, Симановскии.
Представители: Наркопросса …. тов. Корнецова
НКЗдрава ….
НКСнаба РСФСР….
Слушали: Результаты ознакомления с пополнением детей в Казакстане (т. Савченко).
Постановили: 1. Заслушав доклад тов. Савченко о результатах ознокомления о плененным детей в Казакстане и подтверждая предедущее постановление Президиума, считать не верной установку НКПросса и НКздрава в вопросе концентрации их внимания на Среднюю Волгу и отсутствие оказания реальной помощи Казакстану.
Одновременно с этим Президиум констатирует:
- Наличие большого количество детей, находящихся в тяжелом положении в связи с постигшим недородом Казакской АССР (число этих детей доходит по предварительным данным по Казакстану до 30 000. перекочевавших из Казакстана в Среднию Волгу до 6 000 чел. И некоторые количества в Зап. Сибири и Киргизкой АССР).
- Констатировать, что со стороны руководящих органов в Казакской АССР до этого времени не приняты необходимые меры к улучшению положения детей, и связи с чем большое количество их находятся в тяжелых материальных условиях, часть занимается нищенством и никакие меры по устройству их не принимаются.
- Считать, что обследование подтвердило полное бездеятельность казакских органов (ДТК, НЕпресс, НКздрав,) в деле помощи детям.
Председатель Деткомиссии
при ВЦИК К. СЕМАШКО
Отв: Секретарь Деткомиссии
При ВЦИК АРАНОВИЧ
Жоғарыда көрсетілген хаттамалық тапсырмаларға сай, Қазақ АССР аумағында жаппай балалар үйлері ашыла бастады және жетім, қараусыз қалған балаларды жан-жақтан жаппай жинау жұмыстары 1932 жылдың күзінен басталып кетті. Балалар үйлері аудан, облыс орталықтарымен қатар теміржол бойындағы ірі елді мекендерде, үлкен жол бойындағы тораптық орталықтардан ашылып жатты. Ашылған балалар үйі мен жиналған балалар саны туралы архивтік құжаттар бойынша цифрларға үңілсек, мынадай мәселелер алдымыздан шығады.
1933–1936 жылдардағы Қазақстанның өлкелік комитеті ВКП(б) Халық Ағарту және Халық денсаулығы комиссариаттарының есептері бойынша:
01.01.1933 жыл. Жалпы балалар үйінің саны – 282; Халық Ағарту комиссариатына қарайтыны – 256;Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 26;Тәрбиеленушілердің саны – 35 291 бала. Жыл соңында тәрбиеленушілердің саны 61 192-ге жетті. 01.01.1934 жыл. Жалпы балалар үйінің саны – 374. Халық Ағарту комиссариатына қарайтыны – 312. Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 62. Тәрбиеленушілердің саны – 96 483 бала. 17.01.1934 жыл. Жалпы балалар үйінің саны – 383. Халық Ағарту комиссариатына қарайтыны – 308. Халық Денсаулығы комиссариатына қарайтыны – 47. Балалар ауруханасы – 28.
1934–1935 жылдары республикалық деңгейдегі балалар комиссиясы (дедкомиссия) өлкедегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің денсаулығы, білім алуы және балалар үйінің жабдықталуы бойынша бірнеше рет тексеру- бақылау жұмыстарын атқарып келді. Қорытындысында, тәрбиеленуші 14-15-16 жастағы балаларды оқуға жіберу, колхоздарға, заводтарға жұмысқа орналастыру арқылы санын азайту жұмыстары қарқынды жүргізілді. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін Халық денсаулығы комиссариаты жанынан құрылған ауруханаларға жатқызылды. Тәрбиесі қиын балаларды НКВД-ның жанынан құрылған арнайы балалар үйіне жіберді. Сонымен қатар балалар үйінің сапасын, материалдық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар атқарылды. Осы жылдар аралығында көптеген балалар үйінің директорлары, меңгерушілері мен тәрбиешілер әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатты. Себебі тексерушілер келгенде балалардың саны басқа, тексеру барысында басқа цифр шығып отырған. Әрі балалар үйінің материалдық жабдықталмауы, қыс мезгіліне дайын болмауы, азық-түлікпен қамтылмауы де себеп болған. Оған бір мысал, Жуалы ауданы, Высокое селосындағы балалар саны 1934 жылы 900-ден асқан; ал 1935 жылы тексеру комиссиясы 761 бала санаған, содан директорын 139 баланың тамағына мемлекеттен артық қаржы алып отырғансыңдар деп қылмыстық жазаға тартқан. Шынтуайтында, 139 бала балалар үйінде тамақтың жетіспеуінен және балалар үйінің толық жабдықталмауынан қайтыс болған. Республикалық комиссия өз есептерінде қайтыс болған балалар туралы ешқандай ақпарат бермеген. Ақпарат болған күннің өзінде хаттамаға енгізілмеген. Осындай оқиға Шу ауданында да болғандығын құжаттардан қарап отырмыз.
Республикалық деңгейдегі балалар комиссиясының екі жылдық жұмысының қорытындысы бойынша:
1936 жылдың 1 қаңтарында Халық ағарту комиссариатына қарасты 193 балалар үйі болды. Оның: Мектеп жасындағы балалар үйі – 84. Мектеп жасына дейінгі балалар үйі – 20. Тәртібі қиын балалар үйі – 2. Аралас балалар үйі – 87. Тәрбиеленушілердің саны 35 172 бала.
Құжаттардан көріп отырғанымыздай, 1932 жылы қараусыз қалған балалар саны 30 000 мыңнан 1934 жылы 95 000 мыңға жетіп жығылған, балалар үйінің саны 383-ке жеткен. Осы цифрлар қазақ даласындағы нәубеттің қалың бұқараға қатты тигенін көрсетсе, қараусыз қалған балалардың 90 пайызға жуығы – өзіміздің қаракөздер. Аштан, суықтан, аурудан өлгенінің есебі жоқ, жазылмаған, мүмкін бар шығар, бірақ біздің жұмысшы топ кездестірмеді. Қолда бар архивтік құжаттар әлі де зерделеуді қажет етеді. Қаралған материалдардың ішінде жалпы Қазақстандағы балалар үйінің қаржыландырылуы, материалдық базасын жақсарту, қысқа дайындығы, оқу құралдарымен, музыкалық аспаптармен қамтылуы, денсаулығы жоқ балаларды ауруханаларға бөлу және тәртібі нашар балаларды арнайы тәртіптік орындарға орналастыруы бойынша материалдар бар. Әулиеата уезіне қатысты материалдарды негізінен республикалық статистикалық көрсеткіштерден бөліп алып қарастырып, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының есептік құжаттарынан жинастырдық. Ескерте кететін жайт архив материалдарының қайта-қайта қарау барысында жылдар өткен сайын жазуларының көмескі тартуына байланысты кейбір сөздерді дұрыс оқи алмадық. Кестені визуалды қалай көрсек, сол күйінде толтырдық.
Қ.ДАУРЕМБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаужәне қалпына келтіру дирекциясы»
директоры, тарихшы