ПОЛИОМИЕЛИТ АУРУЫ

0

Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келді.

1950 жылдары Сейбин осы ауруға қарсы егілетін вакцина жасап шығарғаннан кейін, бала организмі ауруға қарсы күресуге мүмкіндік алды, ауру саны күрт төмендеді, өлім азайды. Кейінгі жылдары бүкіл дүние жүзі бойынша осы ауруды жою мақсатымен балаларға полиомиелитке қарсы жаппай иммунизация жүргізілді.

Эпидемиология. Аурудың көзі – ауру бала және вирус тасымалдаушылар (3-5 айға дейін) жұқпалы болып саналады. Таралу жолдары –ауыз арқылы (ластанған тамақ, кір қолдар, су арқылы). Аурудың алғашқы 1-2 аптасында тыныс жолдары арқылы да жұғады. Ауру жаз, күз айларында жиірек кездеседі.

Патогенез. Вирус организмге тыныс жолдары және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп, көбейеді. Одан әрі қанға өтеді де, қан арқылы жұлынның сұр затына шоғырланып, оны зақымдайды. Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтарының қызметі бұзылып, бұлшық еттерінің парез, параличтері басталады. Патологиялық өзгеріске сонымен бірге сопақша ми, орта және аралық ми да ұшырайды.

Клиника. Жасырын кезең 2-35 күн аралығы (көбінесе 10-12 күн) болып есептеледі. Аурудың клиникалық дамуы 4 кезеңде өтеді.

Емдеу. Аурудың емі міндетті түрде стационарда жүргізіледі.

Паралитикалық кезеңде – 3. баланың бұлшық еттері контрактураға ұшырамауын қадағалау, арнайы аяқ-киім кигізу, ауруды басатын және жылытатын процедуралар тағайындау қолданылады. Ауыр жағдайларда дем алысының қиындап, жұту, дем алу бұзылғанда арнайы реанимациялық бөлімге жатқызып, қажетті көмек көрсету керек болады.

Қалдық өзгерістер кезеңінде – физио-ем, массаж, емдік жаттығулар, ортопедиялық операциялар жасау қолданылады.

Профилактика 1956 жылдан бері полиомиелитке қарсы арнайы ОПВ вакцинасы қолданылады. ОПВ (живая вакцина Сейбина) қызғыш түсті ерітінді түрінде шығарылады. Бір балаға 2 тамшыдан ауыз арқылы енгізіледі. Жаңа егу күнтізбесіне сәйкес вакцинация мерзімдері – арнайы егулер 12 айлығында беріледі.

И.ҚҰДАЙБЕРДИЕВА, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.