Төле би Әлібекұлының 360 жылдығына орай ауданымызда түрлі шаралар өтуде. Соның ішінде облысымыздағы жазба ақындардың басын қосқан «ЖЫР АРНАДЫМ ЕЛІМЕ» атты мүшәйра өтті. Тараз, Қордай, Сарысу, Меркі, Шу өңірлерінен келген жазба ақындар екі кезеңнен тұратын байқауда бақ сынады.
Облыс көлемінде өткен шараның мақсаты – сөз жақұтын терген дарындарға қолдау білдіру, шығармашылық ізденіс жолындағы жандарға демеу беру.
Тартысты өткен жыр бәйгесінің қорытындысы бойынша Сарысу ауданының ақыны Назерке Айнабекова бас жүлдені иеленді. 1-орын Шулық ақын ару Күнсұлу Тәженнің еншісіне бұйырса, 2-орынды Қордайлық ақын Әділет Құттыбай алды, үшінді орын Меркі ауданының азулы ақыны Мадияр Акпеновке бұйырды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Облыстық мүшәйрада өлең мен жырды қару етіп, аудан намысын қорғаған жерлесіміз Әділет Құттыбайды кезекті жүлдесімен құттықтаймыз!
Қ.Ниязбек «Жастар ресурстық орталығы» КММ