«ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ – 2023»

0

6 желтоқсан күні Қордай аудандық Мәдениет үйінде ауданның 95 жылдығына орай «Жігіттің сұлтаны – 2023» байқауы өтті.

Әр баланың бойындағы ойлау, тапқырлық қабілеттері, сахна мәдениетін қалыптастыру, өнерін шыңдау, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру, сондай-ақ, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 15 ауылдық округтен 16 сері қатысты.

Сайыс келесідей кезеңдер бойынша өтті:

І кезең таныстыру «Тегімді менің сұрасаң…»;

ІІ кезең «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Өнер сайысы (ән, би, қойылым т.б);

III кезең «Күш атасын танымас». Кір тасын көтеру;

IV кезең «Жігіт адамға жетпіс өнер де аз». Қолөнер бұйымдарын сахнада жасау;

V кезең Атақты тұлғалардың образын сомдау (мысалы: К.Әзірбаев, А.Құнанбаев, Ж.Жабаев және т.б.).

Қатысушылар өздерінің қабілеті мен дағдыларын көрсетіп, сегіз қырлы, бір сырлы екендіктерін дәлелдей білді. Бірі қара домбырамен күмбірлете күй шертсе, бірі нақышына келтіріп ән шырқап жатты. Сонымен қатар кір тасын көтеріп, өзара кім күштіні анықтады. Өз қолдарынан жасаған бұйымдарын көрсетіп, көрермендерді және әділ — қазылар алқасын таң қалдырған серілер де болды. Әр кезеңнен сүрінбей өтіп, «Жігіттің сұлтаны» атану үшін азаматтар барын салды.

Сонымен, байқау нәтижесі бойынша Әлжан ана ауылынан Бауырхан Замирұлы «жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

Ал жүлделі І орынды Отар ауылынан Жеңісұлы Абдулазиз, ІІ орынды кенендік Тынышбек Темірлан мен Әлжан ана ауылынан келген қатысушы Иббадулаев Айдос иеленді. ІІІ орынды Қайнар ауылынан Қияш Ерасыл және  Еңбек ауылынан Исағұл Дәурен иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.